17 Ақпан, 2015

Қазақстан өңірлік интеграция бағытынан ауытқымайды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-02-15-nazarbaev-1

АСТАНА. 17 ақпан. Қазақстан сыртқы экономикалық байланыстарды және өңірлік интеграцияны кеңейту бағдарынан танбайды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен Ақордада өткен кездесуде осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Елбасы өз сөзінде 2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шарты күшіне енгенін еске салып, алғаш рет Еуразияда русурстық әлеуеті қуатты, көліктік-энергетикалық жүйесі дамыған экономикалық бірлестіктің құрылғанын атап өтті. «ЕАЭО негізіне егемендікті құрметтеу, экономикалық прагматизм, теңдік және ашықтық ұстанымдары негіз қалағандығын ерекше атап өткім келеді. Онсыз бірде-бір бірлестік тіршілік ете алмайды», - деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазірдің өзінде ЕАЭО-ның тартымдылығы жайында жер-жерде айтылып, одақпен еркін сауда аймағын құруға қызығушылық танытқан елдердің қатары 10-ға жетіп қалған. «Қазақстанның Еуропалық одақпен серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы жаңа келісімшарт бойынша келіссөздерді аяқтауы маңызды табыс болды. Ағымдағы жылы біз Қазақстанның Дүниежүізілік сауда ұйымына кіреді деп есептейміз.  Бұл сыртқы сауданың ұлғая түсуіне септігін тигізеді», - деді Қазақстан көшбасшысы. Сәкен Майлыбай.