ӨСКЕМЕН. 17 ақпан. А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана халықаралық кітап сыйлау күнін атап өтті. «Жақсы көретін кітабымды сізге сыйлаймын!» акциясы аясындағы мерекеде кітапханаға келушілер сыйлыққа кітап алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған шарада оқырмандар өздерінің сүйікті авторлары мен кітаптары жөнінде жан тебірентер пікірлерімен бөлісті. Кітапханаға алдымен қала мектептерінің оқушылары жиналды. Олар «Кітап елі» көңілді-танымдық саяхат ойынына қатысты. Балалар мен ересектер кітаптар мен шығармалар туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айтып, түрлі әндер орындады. Сондай-ақ кітапхананың жас достары мәртебелі кітапқа деген өздерінің жүрекжарды жылы лебіздерін арнады. Өзінің сүйікті кітабы жөніндегі ойын шешендікпен жеткізген оқырмандар «Сүйікті кітаптар шеруі» аукционында сыйлық кітаптарға ие болды.
Қабидолла Балтекенов, Надежда Лисьева, Любовь Никкель, Үмітхан Нұрғалиев, Любовь Евстифеева сынды кітапхананың үздік оқырмандары өздерінің кітап оқу ерекшеліктері жөнінде әңгімеледі. Сонымен бірге, қонақтар папирус жазбаларынан бастап, электронды кітапханаға дейінгі уақытты қамтыған «Мәртебелі кітап» зияткерлік ойынына қатысты.
Сонымен қатар, кітапхана оқырмандары облыстық ауруханаға барып, аурухананың қызметкерлері мен емделушілеріне кітап сыйлап, ән айтып берді. «100 қайырымды іс» атты кітапхана жанындағы клуб мүшелерінің назарынан соғыс ардагерлері де тыс қалған жоқ. Майдангер қарт А.Кимусов кітапхананың арнайы сыйлығына ие болды.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz
Сурет: А.Пушкин атындағы облыстық кітапхана.
• 17 Ақпан, 2015
Өскемендік оқырмандар халықаралық кітап күнін атап өтті

Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04