Мегаполис қаланың мерейін асыратын мәдени, демалыс орындарының қатары көбейіп келеді. Соның бірі – «жапон бағы» Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында пайда болды. Қала тұрғындарының көзін қуантып, туристерге тамаша әсер сыйлайтын баққа жолы түскендер өзін нағыз Жапонияда жүргендей сезіне алады.
Алматының ең көрікті жеріне қоныс тепкен бақта бәрі де бар. Бұл жобаның авторлары бақ өз атауына сай болуы үшін барлық жағдайды жасаған. Қаланың табиғи ресурстары басқармасының мәлімдеуінше, уақыт өте келе бақ мұнан да көркем бола түседі. Қазірдің өзінде мұндағы жапон халқының пагодалары, Күншығыс елі стиліндегі орындықтар мен шамдар, гүлзарлар мен көгалдар, тоғандар мен бұлақтар көз тартады. Мұнда жапон сәулет өнерінің үлгілері де тамаша шешім тапқан. Түнде саябақта шамдар жанып тұрады.
Сол сияқты мұнда Күншығыс еліне тән түрлі декоративтік ағаштарға қоса, жапон шиелері мен жапон үйеңкісі көшеттері отырғызылды.
Осы арада айта кетуге болады, бұрын да Тұңғыш Президент паркінде «Жеті қазына» атты қазақ ұлтын насихаттайтын арнайы бақ жасалған болатын. Қала әкімдігі бұл жобамен тоқтап қалмайтынын, келесі жылы осында «Еуропалық бақ» пайда болады деп отыр.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53
Астанада оқушылар арасында төбелес болды: Қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 09:42
Спорт • Бүгін, 09:20
Ресейде балалар мінген автобусқа дрон шабуыл жасады: Зардап шеккендер бар
Әлем • Бүгін, 09:15
Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Қалба жоталары – қылқалам ұшында
Өнер • Бүгін, 09:05
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Байқау • Бүгін, 08:59
«Қала хикаялары» байқауы жарияланды
Байқау • Бүгін, 08:58
Көлсай – таңғажайып табиғат тартуы
Туризм • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Османлы сұлтанымен кездескен қазақ
Тарих • Бүгін, 08:50
Тілсіз жауға – тегеурінді тосқауыл
Аймақтар • Бүгін, 08:47