ӨСКЕМЕН. 17 ақпан. Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық интернет қауіпсіздігі күнін атап өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл күні оқушылар онлайн-технологияны қолданудағы білімдерін жетілдіріп, әлеуметтік желілердегі жағымсыз үрдістерден қорғану ережелерін үйренді.
Еуропалық комиссияның 2004 жылы қабылдаған «Safer Internet Day» бастамасы жыл өткен сайын өзектілігін дәлелдей түсуде. Бұл – әсіресе, бүкіләлемдік торды белсенді пайдаланушылар есебінде мектеп жасындағы балалар мен жастар үшін маңызды болып отыр. Биыл аталған акция «Барлығымыз бірге оң интернет желісін құрайық» деген ұранмен өтіп, әлемнің 110 елін қамтыды.
Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Роза Құмарғожинаның айтуынша, бұл іс-шараның бастаушысы – халықаралық мұғалімдер. Яғни халықаралық санаттағы мұғалімдер стендтерді пайдалану арқылы және қосымша құралдармен жеке сандық қауымдастық мүшелерінің әрекеттері қоғамға қандай зиян әкелетінін түсіндірді. Оқушылар виртуалды әлемде кездескен дербес аккаунттарды бұзу әрекеттерімен, әлеуметтік желіні теріс бет-бейне қалыптастыруға пайдаланылатын жазбалармен танысты. Сонымен қатар, мұғалімдер интернетте жеке тұлға қалыптастырудың басқа да қырлары, интернеттегі жауапкершілікті арттыру мен мінез-құлық дағдылары жөнінде айта келіп, оқушылардың дүниетанымдарына әсер ететін құнды ақпараттармен бөлісті.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі.
• 17 Ақпан, 2015
Назарбаев мектебінің оқушылары интернетте қауіпсіздік сақтауды үйренді

Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04