Сурет: prokuror.kz.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Қылмыс жасағаннан кейін Гатауллин тергеуден жасырынып қалған болатын, осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 2014 жылдың желтоқсанында халықаралық іздеуге санкция берген. Оны интерпол Дубай қаласында ұстады. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-қимылының нәтижесінде А.Гатауллин қазақстандық тарапқа берілді.
Жолдыбай Базар.
Дерек: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.