АИБА-ның WSB жобасында ел намысын қорғайтын «Астана арландары» бесінші маусымның жеңімпазы. Маусымның 20 және 21-і күндері елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өткен екі финалдық кездесудің қорытындысында олар «Куба домадорес» командасын жалпы есепте 6:4 етіп ұтты.
Жобаға былтыр қосылған бойда жеңімпаз атанған кубалықтар Астанаға сол атақтарын сақтап қалу үшін келді. Команда сапында 2016 жылғы Олимпиадаға жолдама алған алты бірдей боксшының болуы осыны айғақтай түседі.
Жарыстың алғашқы күні 49 килоға дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жекпе-жегімен басталды. Бұл сында «арландар» сапынан Теміртас Жүсіпов шаршы алаңға көтерілді. Ал кубалықтар Йоанис Аргилагосқа сенім артты. Бес раунд бойы айқын басымдық танытқан Теміртас 3:0 есебімен жеңіске жетті. Өз кезегінде командамыздың капитаны Самат Бәшенов (64 кг.) пен Мейірім Нұрсұлтанов (75 кг.) та қарсыластарын осындай есеппен тізе бүктірді. Олар сәйкесінше, Ясниер Лопес пен Арлен Кардонаны жеңді.
Ал 56 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Қайрат Ерәлиевтің Лондон Олимпиадасының чемпионы Робейси Рамиреске шамасы жетпеді. Қайрат бірінші және үшінші раундтарда басым түскенімен, жалпы есепте 0:3 болып ұтылды.
Алғашқы күннің нүктесін ауыр салмақтағы (91 кг.) боксшылардың жекпе-жегі қойды. Бұл сында біздің команда сапынан Василий Левит шықса, қарсы тараптан Эрисланди Савон сынға түсті. Васяның осы жоба арқылы 2016 жылғы Ойындар жолдамасын иемденгені белгілі. Ал Эрисландидің үш дүркін Олимпиада чемпионы, атақты Феликс Савонның туысы екенін айта кетейік. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде кубалық 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ретте Левиттің қарсыласынан әлдеқайда басым болғанын қаперге алғанымыз жөн. Дегенмен, төрешілер жеңісті қонақ боксшыға ұстатты. Осылайша, финалдың бірінші бөлігінде «арландар» 3:2 есебімен алға шықты.
Екінші күні алғаш болып шаршы алаңға 52 килоға дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшылар көтерілді. «Арландардың» жаттықтырушылары бұл салмақта Олжас Сәттібаевты шығарса, кубалықтар оған Йосвани Вейтианы қарсы қойды. Шайқаста Олжас 3:0 есебімен жеңіске жетті. Дәл осындай есеппен Асланбек Шымбергенов (69 кг.) пен Иван Дычко да (+91 кг.) қарсыластарын қапы қалдырды. Асланбек Рониель Иглесиас Сотолонгодан басым түссе, Ваня Йоханди Ортеганы жеңді.
Ал 60 килоға дейін салмақта бақ сынаған «арлан» Закир Сафиуллин Ласаро Альвареске 1:2 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ, 81 килода жұдырықтасқан Нұрдәулет Жарманов екі дүркін әлем чемпионы Хулио Сесар ла Крустен 0:3 есебімен жеңілді.
Сонымен, біздің боксшылар екінші күні 3:2 есебімен ұтып, жалпы есепті 6:4 етті. Осының нәтижесінде «Астана арланс» WSB жобасының екінші мәрте чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2013 жылы осы тұғырдан көрінген еді. Ал 2011 жылы – күміс, 2012 және 2014 жылдары қола медальдарға қол жеткізген болатын.
Айта кетейік, маусым басында «Астана арландарының» құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшырап, команда басшылығына Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев келді. Сондай-ақ, жаттықтырушылар құрамы да қайта жасақталды және алғаш рет ұлттық құрамамен тұтас команда ретінде өнер көрсетті.
Биылғы жеңіс осы реформалардың жемісі екенін айтқан «Астана арландары» командасының бас директоры Серік Сәпиев: «Бұл – тұтас команданың жеңісі. Маусым бойы белсенділік танытқан жаттықтырушыларға алғысым шексіз. «Арландарымыздың» жеңісі – сол төгілген тердің өтемі», – деді.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24