ӨСКЕМЕН. 17 ақпан. Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебі мен облыстық Жастар саясаты басқармасы «Қысқы бал» қайырымдылық шарасын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, мидың сал ауруына шалдыққан балаларға қамқорлық көмек көрсету.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткен қысқы балға химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 300 оқушысы мен 100 мұғалімі қатысты. Целебральды сал ауруына шалдыққан балаларға жұртшылықтың назарын бұру мақсатында ұйымдастырылған кеште домбыраның қоңыр үні күмбірлеп, әуезді әсем әндер шырқалды. Кешке облыстық филармонияның симфониялық оркестрі қолдау көрсетіп, әлем композиторлары мен қазіргі заман авторларының шығармаларын ойнады.
«Қысқы қайырымдылық концертінің қатысушылары мәдениет пен сұлулықты, мейірімділік пен қамқорлықты алдымен мұқтаж жандарға арнайды. Бұл – қаламыздағы игі бастамалардың бірі. Өйткені оқушылардың ортаға салған өнері мен көмекке зәру жандарға қамқорлық танытқан ата-аналардың арқасында жүйке жүйесінің сал ауруына шалдыққан балаларға қолдау көрсетілді», – деді Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Бауыржан Ұзақбай.
Аталған шарада целебральды сал ауруына шалдыққан 5 жасқа дейінгі 8 балаға жаңа арба берілді. Оның алтауы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкіліне тапсырылды. Басқарма мамандары арбаларды сал ауруына шалдыққан балалардың үйлеріне апарып бермек. Ал қалған екі арба балға дейін облыс аумағында тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға жіберілген болатын.
Кеш барысында демеушілік көрсеткен ата-аналар, мектеп қызметкерлері мен өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерінен құралған қайырымды азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04