17 Ақпан, 2015

Қаза тапқан әскеридің мойнынан көп ақша кем шыққан

263 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

16-02-15-vzryv-1

АСТАНА. 17 ақпан. Бұдан бірнеше күн бұрын Қорғаныс министрлігі ғимаратының маңында болған жарылыстан қаза тапқан подполковник Арман Сыздықовтың қызметіндегі тауар-материалдық құндылығы 798,6 миллион теңгеге кем болып шыққан. Бұл туралы «Мегаполис» газеті хабарлады. Еске сала кетейік, жарылыс Астанада 10 ақпан күні Қорғаныс министрлігінің жанында, Достық көшесінің бойында болды. Chevrolet маркалы көлігінде болған Сыздықов алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, жетіспеушілік туралы 2015 жылдың басында жүргізілген инспекторлық тексеріс барысында анықталған. Астанада болған жарылыстан қаза тапқан қарулы күштерінде ақпараттандыру және телекоммуникация бас басқармасының есеп бағдарламасымен қамтамасыз ету және есептеу техникасымен жабдықтау бөлімінің басшысы Сыздықовта 8 атау бойынша тауар-материалдық құндылығы кем шыққан. Қандайда бір ақтайтын құжаттар әзірше табылған жоқ. Басқарманың бұрынғы басшысы Мейіржан Жұмаділовтің 2014 жылы қарашада «қызметтегі құқыққа қайшы әрекеттеріне байланысты» қызметінен шеттетілгені белгілі. Бұл басшы тек бас басқарма басшысының міндетін атқарған. Сонымен қатар, подполковниктің жеке өміріне қатысты мәліметтер анықталды. Сыздықов анасы өмірден өткеннен кейін қатты қайғырған. Ол 2001 жылы қайтыс болған, өлімінің бір нұсқасында суицид қарастырылған. Офицер невропатологтың қызметіне бірнеше рет жүгінген. Ол 2003 жылы Алматыдағы әскери-клиникалық госпитальда жатып емделген. Оған ауру синдромдары бар екінші дәрежелі оң жақтың нефроптозы деген диагноз қойылды. Сонымен қатар, ремиссия сатысындағы оң жақтағы созылмалы пиелонефриттің қайталануы...», бірақ бейбіт уақытта қызметке жарамды деп танылды. Сыздықовтың жеке өміріне де қатысты жаңа мәліметтер бар. Туыстарының айтуларынша, оның екі отбасысы болған. Подполковник өлер шағындағы соңғы хатында аманатын заңды жары Гауһарға емес, азаматтық некедегі әйелі Айманға айтқан. Ал хат көлік жүксалғышында болғандықтан, жарылыс кезінде бүлінбеген. Кейін Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов хаттың түпнұсқа екенін және онда фамилиялардың аталғанын растады. Бұларға ққоса, әскери қызметкердің компьютерлік ойындардың құмар ойыншысы болғаны анықталды. Әлеуметтік желілерде ол өзін «Номад» деген лақап атпен атаған. Ақпарат құралының мәліметінше, жарылған әскери гранат Жаркент мотоатқыштар полкіндегі қызметі кезінен сақталып қалуы мүмкін. Астанадағы жарылысты тергеп жатқан Қазақстан Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу және «Жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды заңсыз сақтау және алып жүру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: Мегаполис.