02 Шілде, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ІІІ Астана экономикалық форумының аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Президент Н.Ә.Назарбаев Еуропалық инвес­тициялық банктің президенті Филипп Майштадтты қабылдады. Кездесу кезінде екі жақты ынтымақ­тастықтың мәселелері талқыланды. – Президентпен Брюссельдегі біздің кезде­суі­міздің барысында мен Еуропалық инвестициялық банк Қазақстанға келіп, капитал салу үшін жо­баларды іздестіре бастауы қажеттігі туралы ұсы­нысымды айтқан едім. Бүгін біз мұндай жобалардың нақты тізбесін талқыладық, – деді Ф.Майштадт. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму жө­ніндегі бас директоры Кандех Юмкелламен кез­дес­ті. Әңгімелесу барысында екі жақты өзара іс-әрекет мәселесі талқыланды. – Сіздің елдің экономикалық дамуының нә­ти­желерін көру өте таңдандырады. Бұл экономикалық форумды Қазақстанның ұйымдастыруы өте маңызды. Сіздің республиканы табысты экономикалық үлгідегі мемлекет ретінде мысалға келтіруге болады, – деді К.Юмкелла. Президент сондай-ақ экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Ман­дел­ламен және Финн Кидландпен кездесті. Кездесу ба­рысында әңгімелесушілер әлемдік және қазақстандық экономикадағы істің жай-күйін талқылады. – Мен Қазақстан жаһандық дағдарысқа дер кезінде әзірлене алды деп есептеймін. Қазақстан қолға алған шаралар барынша дұрыс болды, – деді Р.Манделла. Әлемнің көптеген өзге елдеріне қарағанда Қа­зақстандағы жағдай едәуір жақсы. Мен сіздердің дағдарысқа қарсы бағдарламаларыңыздың маңызды нәтижесінің бірі – бұл банк жүйесін дер кезіндегі оңалту деп санаймын. Ол барлық экономиканың тұ­рақтылығын қамтамасыз етті, – деп атап өтті Ф.Кидланд.