Президент • 27 Тамыз, 2025

Ақордада Иордания Хашимит Королдігінің Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақордада Иордания Хашимит Королдігінің Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз өтетін залға барды.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Экология • Бүгін, 11:35