08 Мамыр, 2015

Жаңа жеңістерге ұмтылдырады

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасы Қазақстан Президенті лауазымына ресми кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде 26 сәу­ірде өткен сайлау республика тұр­ғындарының ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке сенімділігін паш еткенін айрықша атап көрсетті. Солтүстікқазақстандық сайлаушылар да жоғары ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, Елбасымызбен бірге болатындарын бірауыздан мәлім етті. Мен Светлопольск ауыл­дық округінде орналасқан №344 сайлау учаскесінде қоғамдық байқаушы миссиясын атқара жүріп, жұртшылықтың сайлауға деген ерекше ынта-ықыласы мен жоғары жауапкершілігінің куәсі болдым. Тізімдегі сайлау­шы­лардың 99 пайызы өз таңдау­ларын жасап, ел тұтастығы, ұрпа­ғымыздың болашағы, мемле­кеттілігіміздің нығаюы бейжай қалдырмайтындарын айғақ­тады. Кез келген елдің қуаты хал­қының бірлігінде екенін Қазақ­стан халқы Ассамблеясының ХХІІ съезінде алға тартқан Мемлекет басшысының делегаттар назарын бес халықтық реформаға аударуы тектен-тек емес. Өйткені, бүкілхалықтық механизмдер мен мега-жобаларды іске асыру арқылы ғана біртұтас ұлттық мәселелерді шешуге, тыныштық пен татулықтың қазақстан­дық моделін қалыптастыруға қабілеттіміз. Нұрсұлтан Әбішұлы салмақты да көреген идеяларымен инаугурация кезінде де бөлісіп, Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосу жөніндегі батыл ұстанымын тағы бір қуат­тап берді. Қазақстандықтарға төрткүл дүниеде дағдарыстар мен жанжалдардың жаңа ұшқын­дары өршіп отырғанын жеткізе келіп, 5 сыртқы сын-қатерлердің қауіп төндіріп отырғанын ескертті. Оған қарсы тұрарлық, еңсеретін, тың белестерге ұмтылдыратын бес ауқымды міндеттерді ұсынды. Осылайша, «Қазақстан-2030» алғашқы ұзақ мерзімді Стра­те­гиясын қабылдап, орнықты даму жолына нық түскен еліміздің экономикалық өсімін бәсеңдетпеу, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру қағидаттарын мүлтіксіз жүзеге асыру үшін Елбасы Жарлығымен Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанын, оған 5 реформаны кезең-кезеңмен асыруды басқару, үйлестіру секілді міндеттер жүктелгенін естіп, халықтық реформаларды қалт­қы­сыз орындаудың қозғаушы күші ретінде қабылдадық. Елбасы «мемлекеттік құры­лыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсы­намын. Бұл бағдарлама – біз­дің жаһандық және ішкі-сыртқы қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылда бірінші кезектегі ұлттық міндет», дей отырып, комиссияның алғашқы отырысында жариялайтынын айтқан еді. Бұл күнді де тағатсыздана тосып отырмыз. Светлана АВГУСТИНСКАЯ, «Совхозная» орта мектебінің директоры. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы.