18 Ақпан, 2015

Футбол. Чемпиондар лигасы. 1/8 финал. Екі тең ойын

464 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

FBL-EUR-C1-PSG-CHELSEA

АСТАНА. 18 ақпан. Кеше түнде Париж бен Львовта Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы екі ойыны ойналды. Бұл туралы «Чемпионат.Ру» хабарлады. Парижде жергілікті «Пари Сен-Жермен» мен Лондонның «Челси» командалары кездесті. Алаң үсті тартысқа толы болды. Бірақ шайқастың шарықтауы бәрібір былтырғы жылғы деңгейіне жеткен жоқ. Онда командалар тең саналды. Ал бұл жолғы кездесуге «Челси» фаворит ретінде келді. Былтыр ол енді ғана жаңа құрамын қалыптастыра бастаған жасақ болса, биыл кемеліне келген команданың кейпінде еді. Олар сондықтан ойын тізгінін де тез қолға алды. Осы басымдық 36-минутта голға айналды. Оны Бранислав Иванович салды. Париждіктер 54-минутта Эдинсон Каванидің күш салуымен есепті теңестірді. Алаң үстіндегі тартыс содан кейін де толас таппағанымен, қарсыластар бұдан артыққа бара алмады. Есеп – 1:1. Ал Львовтағы кездесуді тіпті есеп те ашылған жоқ. Матчтың басынша «Шахтер» қарсы алаң жаққа жиі шолғын жасап тұрса, тайм ортасына қарай доп көбіне-көп «Бавария» футболшыларының ырқына көшті. Бірақ сан сапаға көше қоймады. Бұған керісінше немістер тіпті 65-минутта Хаби Алонсоның екінші мәрте ескерту алуына байланысты алаңнан қуылды. Бұл «кеншілерге» зор мүмкіндік алып берді. Алайда, олар да бұл жағдайды өздерінің пайдаларына шеше алмады. Сөйтіп, матч 0:0 есебімен аяқталды. Бүгін түнде тағы 2 ойын ойнлады. Олар «Шальке-04» (Германия) – «Реал» Мадрид (Испания), «Базель» (Швейцария) – «Порту» (Португалия) командалары арасында өтеді. Одан кейінгі төрттік 24-25 ақпан күндері күш сынасады. Ал жоғарыдағы екі жұп арасындағы қарымта ойындар 11 наурыз күні ойналады. Дамир Қожамқұл. Дерек, фото: Чемпионат.Ру.