Шымкентте «Мәңгілік Ел – жалпықазақстандық бірегейлік негізі» тақырыбымен Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясы өтті. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов төрағалық еткен сессия жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаты Р.Халмұрадов қатысты.
Асқар Мырзахметов талайлы тағдырында талай нәубетті басынан кешіріп, бүгінде мықты мемлекеттердің санатынан ойып орнын алған мемлекетіміздің бүгінгі жағдайын саралай келіп, облыс жұртшылығын Қазақ хандығының 550 жылдығымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады.
2015 жыл ел тарихында елеулі орын алатын айтулы оқиғаларға толы. Бұл Ассамблея жылының елдің бірлігі мен ынтымағына үлес қосып жүрген сіздер үшін маңызы зор. Елбасы 5 институттық реформа аясында 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жариялады. Халық өмірінің барлық саласын қамтитын 100 нақты қадамды іске асыру қоғам мен мемлекетті қайта қалыптастыруға бағытталған, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Р.Халмұрадов.
Сессия барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов және облыстағы бірқатар этномәдени бірлестік өкілдері сөз сөйледі. Сессияда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімімен ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық үнқатысуды және қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалi» Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевқа берілді.
Облыстық мәслихат депутаты Б.Нишанкулов «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, «Эластополимет» АҚ директоры М.Коростелева мен облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Я.Сапаеваға Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы тапсырылды.
Өңірдегі этностар арасындағы достықты нығайтудағы еңбегі үшін «Айғақ» ЖШС бас директоры Д.Әбіш, Түлкібас аудандық славян этномәдени бірлестігінің төрағасы С.Скляров, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары А.Темірхан, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы С.Акбердиева, Кентау қалалық этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Абдувалиев, ОҚМПИ проректоры Ж.Қобланов, облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Т.Мухаметов облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығына ие болды.
Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясына қатысушы оңтүстікқазақстандықтар үндеу қабылдады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54