Салық • 24 Қыркүйек, 2025

Серік Жұманғарин салық реформасы не үшін қажет екенін айтты

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 24 қыркүйекте Салық кодексін түсіндіруге арналған семинарда салық реформасын жүргізудің қажеттілігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Серік Жұманғарин  салық реформасы не үшін қажет екенін айтты

Оның айтуынша, бұған себеп – елдегі қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы.

«Егер мемлекеттік қаржының жағдайы сәл тұрақтырақ болғанда, бәлкім, онсыз да істеуге болатын еді. Бірақ постковид кезең келді, біз әлеуметтік салаға айтарлықтай қаражат құюға мәжбүр болдық. Соның ішінде пандемияның салдарын жою үшін де. 2022–2023 жылдары экономикаға едәуір қаржы құйылды, шығыс бөлігі ұлғайтылды», деді Жұманғарин.

Үкіметке бюджет тапшылығын азайту мақсатында шығындарды қысқарту тапсырылған. Министрдің айтуынша, басты міндет – бюджет тапшылығын төмендету, ал болашақта – мемлекеттің қарызға тәуелділігін азайту болған.

«Біз мұны орындай алмайтынымызды анықтадық. Шығындардың 98 пайызы қысқартуға жатпайды. Неге? Себебі соңғы бес жыл бойы қаражат әлеуметтік салаға – жалақыға, зейнетақыға, әлеуметтік төлемдерге бағытталып келді. Дәл осы себептен салық реформасы басталды. Өйткені шығыс бөлігін қысқарту мүмкін болмағандықтан, кіріс бөлігін арттыру қажет», деп түйіндеді министр.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50