«Қазпошта» АҚ Қазақстанның жеті қаласында – Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Талдықорған және Таразда жаңғыртылған қалалық пошта байланысы бөлімшелерінің ашылғанын хабарлайды. Өткен жылы қараша айында Ақтау қаласында жаңа бөлімше таныстырылған болатын.
«Бөлімшелерді жаңғырта отырып, біз тек қызметкерлеріміздің жұмыс орнын ғана жақсартқан жоқпыз, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі және бесік арбамен жүретін жас аналарымыздың кіруіне ыңғайлы болсын деп пандустар орнаттық. Біз қызмет көрсету кезінде ыңғайлы жағдайлар жасауға тырыстық және жаңа жұмсақ жиһаздар қойдық, мысалы, креслолар, дивандар және т.б. Енді клиентке касса терезелерінде тұрудың қажеті жоқ, өйткені, бөлімшелерде бір деңгейлі, бөгетсіз және орнында отырып қызмет көрсетілетін болады. Тағы бір айта кететін жай, операциялық терезелердің көбейгені. Бұл, үлкен халық ағыны кезінде қызмет көрсету үшін өз септігін тигізеді. Аталған өзгерістер, трансформация бағдарламасы құрамында және оның бірінші қадамдары болып табылады», деп түсінік берді баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.
Аталған бөлімшелерді жаңғыртуға, тек күрделі жөндеуді ғана емес, сонымен қатар технологиялық құрамдардың жаңартылуы да қосылды. Барлық жаңғыртылған пошта байланыс бөлімшелері бірыңғай электронды кезек жүйесімен, бейне қадағалау және өрт қауіпсіздігімен қамтамасыздандырылған. Оның үстіне пошта байланыс бөлімдері тәулік бойы жұмыс істейтін болады («POST 24» өзіне-өзі қызмет ету аумағы), қаржы қызметі бойынша – банкоматтар және төлем терминалдары, ал пошта қызметтері бойынша – абономенттік жәшіктер, ал болашақта постаматтар болады. Жаңғыртылған бөлімдерде қабылдау және аудармаларды жүргізу валюталық кассалары бар.
«Егемен-ақпарат».