19 Ақпан, 2015

Жоспарлы консультациялар өтті

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары Нұр­лан Ермекбаев пен Николай Пат­ру­шевтің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасында жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлады Қазақстан Прези­дентінің баспасөз қызметі. Консультацияға, сондай-ақ, екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты. Тараптар Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы ахуалды қамти отырып, қауіпсіздік саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, 2015 жылғы 1 қаңтардан ЕАЭО қызметінің басталуына байланысты өзара іс-қимылдарды талқылады. Сондай-ақ, діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, әскери-техникалық ынтымақтастық пен көші-қон үдерістерін реттеу салаларындағы түрлі мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Консультациялар қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында хаттама әзірленді.