19 Ақпан, 2015

Басалқалы бастама

397 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
*Басқа басылымдардан Немецкая_газета_DAZ_Logo«Deutsche Allgemeine Zeitung» газетінің ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тарихы оның Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру кезеңінде қаншалықты маңызды рөл атқарғанын айғақтайтынын айта отырып, тәуелсіздіктің таңсәрі шағындағы экономикалық коллапсты, нарықтық экономика құру үстіндегі күрделіліктерді еске түсіреді. Барлық күрделі кезеңдерде Қазақстан халқы Ассамблеясы дер кезінде бас­тамалар көтерсе, барлығы тереңнен ойластырылған шаралар болатын. Және де бастамалардың барлығы тек бір ғана мақсатты  көздеді – ол өтпелі кезеңнің тар жол, тайғақ кешулерінен табысты өтіп, жаңа перспективалар қалыптастыру жағына қарай нық қадам басу. Бүгінгі таңда жоғарыда айтыл­ғандарға белгілі бір ұқсастықтар табу­ға да болады: қазіргі кезде әлемдік қоғамдастық тағы да геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты қиындықтарды басынан кешіп отыр. Ал бұл қиындықтарды алдын ала ешкім болжап, біле алған жоқ. Оның бір ұшығы Шығыс пен Батыс арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделене түсуімен де айшықталады. Бұл – қазіргі заманның шындығы, дейді газет ұжымы. Дәл қазір бірқатар маңызды шаралар алудың кезі келгені анық болса, солардың ең бастысы – мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу. Өмір шындығының өзгеруімен байланысты халыққа қайырылып, оның сеніміне ие болудың маңызы жоғары. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – бұған дейін де талай мәрте халықтың сеніміне ие болған тұлға. Нұрсұлтан Әбішұлы қоғамымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қашанда бәрінен жоғары қойып келеді. Ал мерзімінен бұрын сайлау өткізу, іс жүзінде, елімізді әрі қарай дәйекті де ырғақты дамытудың алғышарты болып табылады. Осылай дей келіп, басылым қыз­меткерлері Қазақстан халқы Ассам­блеясы ілгерілеткен мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы халықтың қолдап отырғанын және оның кең көлемде талқыланып жатқанын атап көрсетеді. Біз бүгінде мерзімінен бұрын сайлау өткізудің маңызды екенін жақсы түсінеміз. Өйткені, сенім мандатын алу, сөйтіп, Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу қазіргі кезеңнің алдында тұрған басты міндет болса керек, дейді «Deutsche Allgemeine Zeitung» газетінің ұжымы. Азербайджанская_газета_Туран таймс_logoХалықаралық қоғамдық саяси газет пен оның сайты – «Turan Times» өзінің көпұлтты аудиториясының атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының мерзімінен бұрын Қазақстан Президентін сайлауды өткізу туралы бастамасына орай пікірін білдіреді. Біз күн сайын жаһанға кең таралып отырған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында және күрделі халықаралық күн тәртібі бой көрсетіп отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастама уақыт талабы болып табылатынымен толықтай келісеміз, делінген басылым ұжымы таратқан ақпаратта. Газет пен сайт қызметкерлері мерзімінен бұрын сайлау өткізу өте оңтайлы үдеріс болып табылады деп есептейді. Өйткені, алдағы жы­лы күш-жігерді дамудың жаңа перспек­ти­валарына бағыттау ұтымдылық әкелмек. Себебі, күн өткен сайын белең ала түсіп отырған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың алдын алу үшін үлкен күш-жігер талап етілетін болады. Сондай-ақ, біз алдағы 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу мерзімі қатар келетінін жақсы білеміз. Конституция талаптарын сақтау мақсатында сайлауларды түрлі уақыттарда өткізген жөн, дейді басылым ұжымы. «Turan Times» ұжымы өздерінің ертеңгі күнге сенімді екендіктерін көлденең тартады. Бәріміз, яғни барлық қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, барлық ресурстарымызды «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын және «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын жүзеге асыру жолында біріктіруіміз қажет. Біз қуатты, біртұтас Қазақстанды қалаймыз! – дейді газет ұжымы. ТурецкаяҚазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі үстіміздегі жылғы 14 ақпанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтерді. Біз Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын сайлау Отанымыздың игілігіне қызмет ететіндігімен, белең алып келе жатқан әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа қарсы тұруға көмектесетінімен бірауыздан келісеміз, дейді Қазақстан түріктері басылымының қызметкерлері. Бұдан бөлек, ахыскалықтар еліміз халқының күш-жігерін жұмылдыру «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын одан әрі қарай жүзеге асыруға жәрдемдесетінін атап көрсетеді. Бүгінгідей күрделі кезеңде көптеген елдер қаржы-экономикалық дағдарысты бастарынан кешіруде. Бұл аздай, нәсіларалық және дінаралық негіздегі жанжалдар ушығып тұр. Сондықтан біз, Қазақстан халқының бір бөлшегі бола отырып, болашағымыз үшін алаңдаймыз, өзіміздің тарапымыздан Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі көтерген бастаманы қолдауды азаматтық парызымыз деп санаймыз, дейді газет ұжымы. Түрлі елдер душар болып отырған жаһандық сынақтар кезеңінде біз Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау елімізде өмір сүріп жатқан этнос­тар арасындағы татулық пен келісімді сақтауға оң ықпал ететіндігіне сенімдіміз. Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау бізді басты мақсатымыз – әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосуға жақындата түсетіндігі күмәнсіз және ұстанған стратегиялық бағытымыздан ауытқымайтынымызды, кең ауқымды жаңғырту жолын жалғас­тыратынымызды білдіреді, дейді ахыс­калықтар. Редакция ұжымы «Ахыска» газеті түрік-ахыскалардың этностық газеті бола отырып, халықты алда келе жатқан жаһандық қиындықтардан құтылу үшін және «Нұрлы Жол» бағ­дарламасында алға қойылған мақсаттарға жақындай түсу үшін ҚХА Кеңесі ілгерілеткен Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы идеяны қолдауға шақыратынын атап көрсетеді. Біз Отанымызға өсіп-өркендеу, мәңгілік Бейбітшілік пен Келісім тілейміз! – дейді басылым ұжымы. ЖайнаҮстіміздегі жылдың 14 ақпанында Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өткені белгілі. Онда ҚХА Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков осы жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынды. Ол өз ұсынысының себебін 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлауларды қатар өткізу қиын болатындығымен түсіндірді. Сондай-ақ, ол бұл үдерістің заң тұрғы­сынан да қайшы екенін көлденең тартты. «Жийана курд» газетінің алқасы жоғарыдағы мәселені түйіндей келіп, сарапшылардың пікірінше, 2016 жылы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс өзінің апогейіне жететінін атап көрсетеді. Сондықтан, дейді басылым ұжымы, ел басшылығының барлық назары Қазақстан экономикасы мен қоғамында дағдарысты құбылыстардың орын алуына жол бермеуге аударылатын болады. Газет ұжымы келесі кезекте күрдтердің «Барбанг» қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Президентін сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы бас­таманы үлкен серпіліс үстінде қарсы алғанын атап көрсетеді. Біз бұл бас­тама барлық қазақстандықтардың мүддесіне сай келеді және дер кезінде көтеріліп отыр деп санаймыз. Елімізде бір жылда екі маңызды оқиғаны – президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу экономикалық тұрғыдан қиындық келтіреді. Бұған қоса, әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс және саяси катаклизмдер кезеңінде Мемлекет басшысына тосын шешімдер қабылдап қана қоймай, өзінің күш-жігерін өткір экономикалық және әлеуметтік мәсе­лелерді шешуге бағыттауы тиіс болады, дейді «Жийана курд» ұжымы. Газет ұжымының терең сенімінше, күшейіп келе жатқан әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында кезектен тыс президенттік сайлау өткізу елімізге «Нұрлы Жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асырып, Отанымызды дамытудың ұзақ мерзімді басым бағыттарын орындауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Біз ҚХА Кеңесінің елімізде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу бастамасын қолдаймыз, дейді «Жийана курд» газетінің алқасы. Украинские новины (логотип_цвет 5)Украиндардың республикалық «Украïнські новини» газеті редак­ция­сының ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің үстіміздегі жылы мерзімінен бұрын Қазақстан Респуб­ликасының Президентін сайлау туралы бастамасын қолдайтынын білдіреді. Бұл бастама дер кезінде көтеріліп отыр, өйткені, 2016 жылы ел Парламентіне де сайлау өткізуге тура келген болар еді. Қос сайлауды қатар өткізу ел бюджетіне салмақ түсіретіні де ақиқат, дейді газет ұжымы. Басылым қызметкерлері, сонымен қатар, заманауи сын-қатерлер мен жаһандық сынақтар кезеңін табысты еңсеру үшін де президенттік сайлау өткізудің орынды екендігіне өздерінің сенімдерін білдіреді. Екінші жағынан, мұның Қазақстанды әлемдегі аса дамыған мемлекеттер қатарына ілгерілету үшін де қажет екендігімен келіседі. Бұған қоса, елді кең ауқымды жаңғыртудың стратегиялық бағытын жалғастыруға көмектесетінін көлденең тартады. Оның үстіне, дейді газет ұжымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының бас­тамасы ел халқын әлемдік дамудың жаңа кезеңінде жұмылдыра түседі. Сонымен бір мезгілде, барлық күш-жігерді мемлекетті дамытудың аса маңызды мәселелеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді. Қазақстандықтарды әрі қарай жұдырықтай жұмылдыру елді бүгінгіден де жоғары қарқынмен дамытып, ел азаматтарының әл-ауқатын арттыра түсуге кепілдік беретіндігіне сенімдіміз, дейді «Украïнські новини» газетінің ұжымы. Корейская_газета_Коре ильбо_logo«Коре ильбо» газеті қазақстандық корейлер үшін жай ғана этностық бұқаралық ақпарат құралы емес, республика медиакеңістігінің толыққұқықты мүшесі болып табылады. Өйткені, басылым қоғамдағы бейбітшілікті, бірлікті, келісімді насихаттайтын, жалпымемлекеттік мәселелерді көтеретін басты қоғамдық-саяси ақпарат көздерінің бірі саналады. Басылым үшін жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі елімізде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бас­тама көтергені үлкен жаңалық болды. Қысқасы, аталған бастама қоғамда үлкен резонанс туғызса, бұдан қазақстандық қоғамның бір бөлшегі ретінде аталған басылым оқырмандары да шет қалған жоқ. Редакциямызға оқырмандарымыздың мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу идеясын қолдаған көптеген үндеулері түсіп жатыр. Корей этносының өкілдері көпұлтты Қазақстан халқының ажырамас бір бөлшегі бола отырып, аталған мәселенің көкейкестілігін жақ­сы сезінеді. Дәл қазір, барлық әлем­дік қоғамдастық жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың табалды­рығында тұрған сәтте, бізге мұндай сынақтарға алдын ала дайындалу қажет, дейді «Корей ильбо» газетінің ұжымы. Басылым қызметкерлерінің пайымынша, мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазақстандықтарға әрі қарай да болашаққа сеніммен қарауға, елді тұрақты дамытудың гаранты болуға мүмкіндік беретін болады. Қазақстан халқының барлық қол жеткізген табыс­тары үлкен құндылық ретінде сақталуы тиіс және біз жұдырықтай жұмыла отырып, алға қарай жылжи беруіміз керек, дейді басылым қызметкерлері.