21 Наурыз, 2015

Сыйластық үндестігі

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Болгариядағы София университетінде Қазақ тілі және Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерделеу орталығы ашылды. Наурыз мерекесінің қарса­ңында София университетінің Шығыс тілдері мен мәдениеті орталығында Қазақ тілі және Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерделеу орталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара шеңберінде, Қа­зақ­станның Болгариядағы Дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастин және София университетінің ректоры И.Илчев Қазақстанның Болгариядағы Дипломатиялық миссиясы және София универ­ситеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум қазақ және болгар тараптарына мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. «Қазақ тілі» пәнін оқу Еуро­пада алғаш рет болгар түр­кі­тану­шысы Емил Боев София уни­верситетінің академиялық бағдар­ламасына енгізген. Бүгін Қазақстанның Болгариядағы Дип­ломатиялық миссиясы мен Құрметті консульдігінің күш-жігерлерінің арқасында, София университетінің қол­дауымен, Қа­зақ тілі орталығы жөнделіп, қазақ тілін үйренетін студенттер үшін заманауи жабдықпен жә­не оқу құралдарымен қамсыз­дан­дырылды. Іс-шара қонақтары ішінде Қазақстан азаматтары және диас­пора өкілдері, шет мемлекеттер дипломатиялық өкілдік­терінің басшылары, депутаттар, Болгарияның баспасөз, акаде­миялық және қоғамдық орта­ларының өкілдері болды. «Егемен-ақпарат».