Наурыз келді! Иә, Наурыз келіп, елде шат-шадыман шаттық орнады. Күн жылынып, жер қарайып, көңіл шуағы көгілдір көктемді көрікті ете түсті. Нағыз қуанышты мейрам басталды. Бұл ізгілікті мерекеден еліміздің қорғаны – Қазақстанның әскери қызметшілері де тыс қалмады. Өйткені, Наурыз мейрамы – Шығыста жылдың басы болып саналатын ең ұлы мереке. Ұлыстың ұлы күні әрқашан айрықша қарсы алынады. Сондықтан біздің халық үшін Наурыз – достық, ынтымақтастық, бейбітшілік пен татулықтың нышанына айналған ұлық мереке ретінде ерекше тойланады.
Міне, енді осыған орай ел Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері көктемнің басты шырайлы мерекесін лайықты өткізу үшін дайындыққа кірісіп кетті. Ол үшін күні ертең барлық әскери бөлімдерде дәстүрлі түрде мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады, салтанатты жасаумен киіз үйлер тұрғызылып, мол дастарқан жайылып, түрлі спорттық жарыстар мен ұлттық салт-дәстүр тақырыбында сайыстар өткізіледі.
Ал солардың арасынан «Оңтүстік» өңірлік әскери қызметшілері Наурыз мейрамына алғашқылардың қатарында дайындық жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындармен бірлесіп алтыбақан, сәнді ақ киіз үйлерімен қазақтың нағыз ұлттық ауылын тұрғызды. Офицерлер мен сарбаздар қыз қуу, теңге алу, арқан тарту сияқты ұлттық ойындарға қатысса, апа-әжелеріміз ұлтымыздың дәстүрлі Наурыз көжесін әзірледі. Бұл көктем мерекесіне Қазақстандағы жалғыз тау-қорығы ротасының әскери қызметшілері қатысты. Олар әскери техника өте алмайтын шиеленісті таулы жерлерде жеке құрамды тасымалдауға арналған аттардың үстінде шабандоздық пен әділ-тәсіл элементтерін көрсетті.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28