19 Ақпан, 2015

«Жас дарынға» сыйлық

334 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
516bd0a1c23dd Облыс орталығындағы қазақ тілінде білім беретін «Жас дарын» аталатын мектеп оқу-білімге талпынысы ерекше оқушылар үшін 1999 жылы ашылды. Бұл күндері мектепте 340 оқушы білім алуда. Ал, мектеп қаладағы бұрынғыдан келе жатқан тарихи ғимараттардың бірінде орналасқан. Мектепте 14 оқу кабинеті бар, химия, физика, биология кабинеттері қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Жалпы, оқыту үдерісі жара­ты­лыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық ба­ғытта жүргізіледі. Қоғамдық-гуманитарлық ба­ғыт­тағы сыныптарда ағылшын тілі мен қазақ тілі тереңдетіліп оқы­ты­лады. Көптілділікті дамыту бағыты 5-сыныптан басталады. Елжандылық, отаншылдық, елді сүю, патриоттық тәрбие сабақтары жүргізіледі. Елбасы Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу бас­ты мақсат екені айтылды. Қазір біздің еліміздегі көптеген мектептер халықаралық байқауларға қатыса аламыз. Осы арқылы оқушылардың жетістіктері мен білімдері көрінетіні сөзсіз. Мектептің білім беру, тәрбиелік кеңістігін ғылыми жобалар, сайыстар, интеллектуалдық марафон, көркем шығармашылық бағытындағы жобалар құрайды. Үздік оқушылары халықаралық, республикалық байқауларға қатысуда. Ғылыми жобалар жазып, мектеп қабырғасында жүріп, ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасайды. Оқушыларымыз Мохамед Әл Әмір, Еркегүл Асайын, Тұрсын Махмұд, Да­ниял Хабиболла, Аружан Тұр­ға­нова, Дария Шеген, Күләш Қоңы­рова, Әлия Ақбаева және басқа ұл-қыздарымыз мектептің мақта­ныштары. Білімді, көп тіл білетін болашақтың мамандары ержетіп келеді деген сөз. – 2009 жылы мектеп ғима­ра­тынан бөлек спорт залы салынды. Оқушылар денешынықтыру сабағына бару үшін екі арада жүрді. Содан бері облыс әкімдігіне оқу корпусы мен спорт залдың арасын қосатын өтпелі аралық гале­реяның салынуын сұрап бірнеше рет өтініш жаздық, – дейді мектеп директоры Сәуле Хасанова. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.