21 Наурыз, 2015

Қадіріңді біз білмесек, кім білмек?

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ата дәстүр, ата салтым – ақ арым, Әз Науырыз! Амансыз ба, ардағым? Күн мен түнді тең жетектеп даламның, Жеттіңіз бе қуандырып бар жанын?! Жеттіңіз бе, желмаямен көнеден, Әз Науырыз, абызымсың көреген Жылдан жылға жасымызды ұзартқан, Өзіңізді Көк Тәңірі жебеген. Төрге өтіңіз төрімде бар сый-құрмет, Қадіріңді біз білмесек кім білмек. Бата сұрап ұландары ұлтымның, Келеді, әке, тілегіңізді білдір деп. Ерғожа ТІЛЕПБЕРДИЕВ.