Орталық коммуникациялар қызметінде «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Көліктік-логистикалық даму орталығы» директорының орынбасары Абдур-Рашид Сәкенов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Қазақстанның халықаралық көлік ағындарына ықпалдасу шаралары сөз болды.
Бұл тұрғыда «KTZ Express» АҚ Қазақстанның халықаралық көлік ағынына ықпалдасуы мақсатында ішкі және сыртқы терминалдық желісімен кең ауқымды жобаларына кіріскені мәлім. Осы жөнінде әңгіме өрбіткен спикерлер «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, еліміз аумағындағы транзиттік дәліздерге жүк ағынын тарту қызметі республика ішіндегі терминалдық желіні сәулелі әдіспен дамытуды көздейтінін жеткізді. Осы тапсырманы орындау мақсатында биыл бірқатар жобалар орындалыпты. Мәселен, Астана мен Шымкент қалаларындағы А класындағы көліктік-логистикалық орталықтар пайдалануға беруге дайын болыпты. Сондай-ақ, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымдық нысандары жұмысын бастаған. Ақтау халықаралық теңіз портының солтүстік қанатын кеңейту жобасы аяқталғалы тұр екен. Компания оның сыртында халықаралық нарықтағы көліктік-логистикалық қызмет аясын өсіре түскен. Ал Ляньюнган (ҚХР) портында бірлескен Қазақстан-Қытай терминалы табысты жұмысын жалғастырып жатқан көрінеді. Бүгінде «KTZ Express» АҚ Клайпеда (Литва), Бандер-Аббас (Иран) және Бомбей (Индия) порттарының терминалдарына қатысуды жоспарлап қойыпты.
Бұлармен қатар компания президенті Қытай, Ресей, Түркия, Иран, Индия және Балтық жағалауы, Таяу Шығыс, Еуропа нарығына шығу жоспарлары жөнінде әңгімеледі. Сөйтіп, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда, теміржол құрылысын бірнеше есе артық жүзеге асырғанын қадап айтты. «Соңғы бес жылда контейнерлік тасымалдардың көлемі 15 есеге артты. Биыл біз тағы да екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, әлеуетіміз өте үлкен. Осы орайда біздің логистикалық инфрақұрылымды белсенді түрде пайдаланатын боламыз. Тағы бір жағымды жаңалығымыз, Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы аяқталуға жақындады. Бұл өз кезегінде құрғақ жүктердің тасымалын 4 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Ал «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты стратегиялық маңызға ие екені баршаңызға мәлім», деп түйіндеді ол сөзін.
Астана әуежайында ұшу-қону алаңын қайта жарақтандыру мен жаңа терминал құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отырғанын ҚТЖ өкілі жеткізді. «Бұл жобаның аяқталу мерзімі 2017 жылдың наурызына белгіленіп отыр. 2015 жылы темір құймалардың басты қаңқалары орнатылады. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жобаның басты мақсаты, әуежайдан өтетін жолаушылардың санын сағатына 750 адамнан 2500-ге дейін арттыру. Сапарлайтын адамдардың санын жылына 3,5 миллионнан 7 миллионға дейін жеткізу көзделіп отыр. Жоба іске қосылғаннан кейін 400 адамға жұмыс орны ашылады. Құрылысқа 1 мыңнан астам жұмысшы тартылады. Басты назар аударарлығы, ұшу-қону алаңы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жоғары стандарттармен салынады. Осы орайда әуежай ауа райы жағдайына қарамастан, ұшақтарды қабылдауға қауқарлы болады»,
– деді А.Сәкенов.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кету себебін түсіндірді
Партия • Бүгін, 15:09
Ақтауда гүлді тегін таратқан кәсіпкер айыппұл арқалады
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Мәжіліс ҰҚШҰ елдерінде әскери күштердің болуы ережелерін жеңілдетуді қолдады
Парламент • Бүгін, 14:51
Англия мен Өзбекстан құрамасының бірнеше ойыншысы әлем чемпионатына қатыспайды
Футбол • Бүгін, 14:47
Жасанды интеллектінің әсері: Болашақта кімдер жұмыссыз қалуы мүмкін?
Қоғам • Бүгін, 14:35
Астана қаласы парақорлық ісі бойынша көш бастап тұр
Оқиға • Бүгін, 14:27
Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03
Қазақстанда қылмыс деңгейі 9 пайызға төмендеген
Президент • Бүгін, 13:50
115 мың студент жатақханаға мұқтаж: мәселе қалай шешілмек?
Парламент • Бүгін, 13:37
Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды
Әдебиет • Бүгін, 13:18
Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50