03 Шілде, 2010

ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН ЖЕТКІЗУ КЕСТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

515 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге АШТӨ 2010 жылғы наурыз-мамыр айларында 330 мың тонна көлемде жеткізілген арзандатылған дизель отыны 18 млн. га, аумаққа тиімді агротехни­ка­лық мерзімінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасады. Сонымен қатар негізгі ауыл шаруа­­­­­шылығы дақылы – астық­­ты нарықта сату бұрынғысынша қиын­­­­­­­дап тұр. Оның үстіне негізгі экс­порттық өнім – астықтың баға­­сының өзіндік құнынан төмен­­деуімен қатар жанар-жағар май бағасы көтерілуде. Осыған байланысты, егін жи­нау­ды қамтамасыз ету мақса­тын­да (шілде-қыркүйек) АШТӨ-і үшін жанар-жағар маймен қам­та­масыз етуді көктемгі дала жұмыс­тарын жүргізу кезеңіндегі тәртібі бойынша жеңілдетілген бағамен қалдырылып, негізгі ресурс ұстау­­шы­­­лар арзандатылған дизель отынын облыстардың белгілеген операторларына мұнай өңдеу зауыт­­тарынан тікелей жіберуде. Сонымен қатар, ауыл шаруа­шылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының шілде айын­да­ғы бағасы белгіленген стансада ­­–литрі 55 теңгеге дейін, соңғы тұ­тынушыда – литрі 62 теңгеге дейін болып белгіленді. Егін орағы жұмыстарын жүр­гізу үшін дизель отынына деген  қажеттілік, алдыңғы жылдардағы сияқты 400 мың тонна шамасында болып отыр. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мұнай және газ министрлігі бірлесіп АШТӨ-ге арзандатылған дизель отынын жеткізу кестесін белгіледі. Облыстарда ауыл шаруашы­лы­ғы тауарын өндірушілерге күзгі дала жұмыстарын жүргізуге қа­жет­ті арзандатылған дизель отынын жеткізуші операторлар белгіленіп, оларға тиісті көлемдегі дизель оты­нына уақтылы төлемақыны тө­леуді және дер кезінде жет­кі­зілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Бүгінгі күні облыс опера­торлары дизель отынын жеткізу­шілермен келісім-шартқа отыру жұмыстарын қызу қарқынмен жүргізіп жатыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі.