ПЕТРОПАВЛ. 19 ақпан. «Қазақстан халқы Ассамблеясы-20 игі іс «эстафетасы аясында ұйымдастырылған акция Қызылжар өңірін бірнеше күн аралап, өз мәресіне жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шара барысында ұйымдастырылған көшпелі баспасөз конференциясына әкімдіктің жауапты қызметкерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Олар акция аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова ашты. Ол Президенттің «Біздің басты байлығымыз – бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін» деген пайымдарын еске сала отырып, халықтар мен діндер арасындағы келісім Қызылжар өңірінің де басты өзегі болып табылатынын алға тартты. Оның сөзін «Орыс қауымдастығы» ұйымының басшысы Николай Авдеев, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Кәрібай Мұсырман, СҚМУ-гі Қазақстан Ассамблеясы кафедрасының жетекшісі Людмила Гривенная, тағы басқалары толықтырып, біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз жалғыз. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігіміз берік болсын деген тілектерін арнады.
Эстафетаның соңғы нүктесі Погодин атындағы орыс драма театрында қойылды. Онда облыс әкімінің орынбасары А.Дүйсенова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу рәсіміне орай ұйымдастырылған «20 игі іс» эстафетасының символы – Тайқазанды Павлодар облыстық ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Сейсенбай Жетпісбаевқа дүйім жұртшылықтың алдында салтанатты түрде табыс етті.
Салтанатты рәсім соңы концертке ұласты.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: «ҚазАқпарат».

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше