Елбасы Н.Назарбаев Түркияның Бодрум қаласында 2014 жылғы 5 маусымда өткен Түркі кеңесінің ІV саммитінде түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру және ортақ телеарна құру жөнінде бастама көтерген болатын. Бұл ұсыныс тараптардың қолдауына ие болып, қазір кең талқылаудың тақырыбына айналды. Осыған орай халықаралық Түркі академиясы журналистердің кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты дөңгелек үстел өткізді.
Алқалы жиынға Қазақстандағы жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен журналистер қауымы қатысып, ой бөлісіп, пайымды пікірлерін ортаға салды.
Айта кету керек, биыл Астанада өтетін Түркі кеңесін құрушы елдердің саммитінде аталған мәселе қарастырылады деп күтілуде. Осыған орай дөңгелек үстелде айтылған ұсыныс, пікірлерді халықаралық Түркі академиясы жинақтап, Түркі кеңесінің назарына ұсынбақ.
Түбі бір туыс халықтардың мәдени-рухани интеграциясы мәселелеріне арналған басқосу барысында түркі әлемінің ақпарат кеңістігіне еңбегі сіңген бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары марапатталды. Атап айтсақ, Түркі дүниесінің білім, ғылым саласындағы жетістіктерін насихаттауға және түбі бір туыс халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлестері үшін «Үздік баспасөз жарияланымы» аталымы бойынша «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, «Үздік телерадио материалдары» аталымы бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, «Үздік ақпарат агенттігі материалдары» аталымы бойынша «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Айдос Қыдырма халықаралық Түркі академиясының Алғыс хатымен, сондай-ақ, Түркі дүниесінің білім мен ғылым саласына және түбі бір туыс халықтар арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін Намазалы Омашев Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен бірге, халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі марапатталғандардың барлығына академияға мүшелігін білдіретін төсбелгілерді табыстады.
Сонымен қатар, халықаралық Түркі академиясы БАҚ саласы бойынша арнайы сыйлық жариялайтынын жеткізді. Жыл сайын 8 қыркүйекте – халықаралық Журналистер ынтымақтастығы күніне табыс етілетін бұл сыйлық түркі халықтарының білім және ғылым саласындағы жетістіктерін насихаттауға, сондай-ақ, тарихи тамырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға ерекше үлес қосып жүрген БАҚ өкілдеріне беріледі. Оған Қазақстаннан бөлек түркітілдес мемлекеттердің журналистері де үміткер ретінде қатыса алады.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».

Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10
Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 16:00
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:51
Бүгін Дастан Сәтпаев «Қайрат» жейдесіндегі соңғы матчын өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:49
ҰБТ: Грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 15:39
Ұлттық білім беру платформасы Қазақстанға не үшін қажет?
Білім • Бүгін, 15:35
Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды
Мереке • Бүгін, 15:24
Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кету себебін түсіндірді
Партия • Бүгін, 15:09
Ақтауда гүлді тегін таратқан кәсіпкер айыппұл арқалады
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Мәжіліс ҰҚШҰ елдерінде әскери күштердің болуы ережелерін жеңілдетуді қолдады
Парламент • Бүгін, 14:51
Англия мен Өзбекстан құрамасының бірнеше ойыншысы әлем чемпионатына қатыспайды
Футбол • Бүгін, 14:47
Жасанды интеллектінің әсері: Болашақта кімдер жұмыссыз қалуы мүмкін?
Қоғам • Бүгін, 14:35
Астана қаласы парақорлық ісі бойынша көш бастап тұр
Оқиға • Бүгін, 14:27
Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03