24 Маусым, 2015

Стратегиялық әріптестік жалғасады

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
4-06-2015-AKSH elshisiКеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Альберт Кролды қабылдады. Мемлекеттік хатшы АҚШ елшісін тағайындалуымен құт­тықтады және оның жаңа лауазымы біздің елдер ара­сындағы жан-жақты әрі же­місті ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына мүмкіндік туғы­за­тынына сенім білдірді. Одан әрі Г.Әбдіқалықова Ел­басы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда бес ин­с­ти­туттық реформаны жүр­гізу, Ұлт жоспары – «100 нақ­ты қадамды» іске асыру жұмыс­тарының басталғанын атай отырып, қолға алынған іс-шаралар елі­міздің саяси жүйесін жаңартуды және экономикамыздың ор­нық­ты өсуін қамтамасыз етіп, «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының негіз­гі мақсаттарына қол жеткізуге, әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге ықпал етуі тиіс екенін айтып өтті. Кездесу барысында мем­ле­кет­аралық қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың, толерантты қоғамды, көпэтносты және көп­конфессиялы құндылықтарды ілгерілетудің, әлеуметтік-гума­ни­тарлық ынты­мақ­тастықтың өзекті мәселелері бойынша сындарлы пікірлер алмасылды. Бүгінгі таңда Қазақстан-АҚШ арасындағы бірлескен жұмыс келесі маңызды бағыттарда жүр­гі­зі­луде: қауіпсіздік пен өңірлік ынты­мақтастық, ядролық қару­ды таратпау, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Сая­саты, Қа­зақ­станның ДСҰ-ға кіруі, ЭКСПО-2017, әске­ри және ғылы­ми-техника­лық ынты­мақ­тас­тық, құ­қық қор­ғау органдары арасын­дағы өзара іс-қимыл ая­сында сауда-экономикалық жә­не инвестициялық өзара қарым-қаты­насты жандандыру. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 2,4 млрд. долларды құрады. Қазақстан экономикасына салынған аме­ри­калық инвестицияның жалпы көлемі 21 млрд. АҚШ доллары­нан асып түсті, республикада америкалық капиталдың қаты­суымен 470-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Тараптар Қазақстан Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылы АҚШ-қа жасаған сапары барысында қол қойылған Қа­зақ­стан-АҚШ ғылыми-техника­лық ынтымақтастығы туралы ке­лі­сімнің негізінде білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік жоғары екенін атап өтті. Бүгінгі таңда қазақстандық жо­ғары оқу орындары америкалық 30-дан астам білім және ғылым орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан. Соның ішінде Карнеги-Меллон, Дьюка, Питсбург және Гарвард университеттерімен тиімді қарым-қатынастар ор­нат­қан «Назарбаев Университет» АҚ атап өтерліктей маңызға ие бо­лып отыр. «Болашақ» бағдар­ламасы бойынша АҚШ-та 1840 қазақстандық жас білім алды, 590-нан астамы оқуларын жал­ғас­тыруда. Кездесу соңында тараптар Қа­зақстан мен АҚШ арасындағы өза­ра іс-қимылдың стратегиялық серік­тестік рухына толық сай келе­тін жоғары деңгейде екенін атап өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».  
Соңғы жаңалықтар