19 Ақпан, 2015

Ливияда жасалған операция 150 содырдың көзін жойды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-02-15-bomba-1

АСТАНА. 19 ақпан. Ливияда «Ислам мемлекеті» ұйымының содырларын жоюға бағытталған операция барысында 150 лаңкестің көзі жойылды. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлады. Операция барысында ондаған содыр қамауға алынды. Іс-шара Мысырдың арнайы жасақталған әскери отрядының көмегімен жүргізілді. Дерна қаласында болған жорықта Мысыр әскері 2 жауынгерінен айрылды. Айта кетейік, соңғы кездері Мысырдың әскери әуе күштері аймақта әуе шабуылдарын жиілетті. Оған жуырда «Ислам мемлекеті» содырларының 21 мысырлықты жер жастандырғаны себеп болды. Лаңкестік ұйым мысырлықтардың қалай өлтірілгені туралы бейнені ғаламторға жүктеген болатын. Елде 7 күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды. Мысыр Президенті лаңкестердің қолынан қаза тапқандар үшін кек қайтаратынын мәлімдеді. Мұрат Айтқожа.