19 Ақпан, 2015

Шығыс Қазақстанда «Бақытты балалық» жобасы жүзеге асырылуда

1125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
4ӨСКЕМЕН. 19 ақпан. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы – Қарауыл ауылындағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға арналған интернатта «Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілік өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған шара «Нұр Отан» партиясының балдырған­дар­дың әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағ­дай туғызуға бағытталған «Ба­қытты балалық» жобасы шең­бе­рінде ұйымдастырылды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Нұрсұлтанұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайырғазы Дүрмекбай, партияның облыстық филиалы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және орындау бөлімінің кеңесшісі Дидар Оралбекұлы және интернат меңгерушісі Бақытжамал Мұсабекқызы қатысты. Бұл іс-шарада тәрбиешілер сәбидің сана-сезімін дамыту үшін ойын, ертегі түрлерін ұтымды пайдалана отырып, ертегі кейіпкерлері арқылы оқушыларды адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Ізгі қасиеттерге баулып, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға шақырады. Бала тәрбиесінде ертегінің орны ерекше екенін түсіндіреді. Шара барысында балалар өздерінің ерекше шығармашылық таланты мен қабі­летін көрсетуге мүмкіндік алды. «Алтын қақпа», «Ғажайып алмалар», «Менің сүйікті кейіпкерлерім!» атты үш кезеңнен тұратын саяхат түріндегі ойын қызғылықты өрбіді. Ертеңгілікті бүлдіршіндер «Ертегі әлемі» әнімен тәмамдады. 56 бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан бал күлкілі ортада осындай мәнді шаралар жиі өткізіледі, – дейді интернат басшысы Б.Бозанбаева. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы. 5 6