03 Шілде, 2010

ҚОЛДАҒАНЫ ҮШІН РИЗАШЫЛЫҚ

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі Лятиф Сейфеддиноғлы Гандиловты оның біздің елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты  қабылдады. Кездесу барысында Төраға Қа­зақстан мен Әзірбайжан ара­сындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан қомақты үлесіне орай Л.Гандиловқа алғыс айтып, алғыс хат табыс етті. “Біздің мемлекеттерімізді халықаралық саясаттың ауқымды мәселелеріне көзқарастар ұқсас­тығы, экономикалық және саяси белсенді байланыстар және мә­дениеттер ортақтығы біріктіреді”, – деді Қ.Тоқаев. Л.Гандилов өз кезегінде елші ке­зіндегі қызметін қолдағаны үшін қа­зақстандық басшыларға риза­шы­лы­ғын білдірді, деп хабарлады Пар­ла­мент Сенатының баспасөз қызметі.