ӨСКЕМЕН. 19 ақпан. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Өскемен қаласында түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Жергілікті кәсіпорындардың күшімен балабақшалар, түрлі спорттық нысандар ашылып, тұрғындардың игіліне қызмет етіп жатыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің кезекті жарқын үлгісі ретінде Өскемен қаласының әкімдігі мен Қазақстандағы AES компаниялар тобы балабақша құрылысы туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған меморандум аясында AES компаниялар тобына кіретін AES Шүлбі ГЭС-і мен AES Өскемен ГЭС-і «Еуразия Орталық Азия қорына» балабақша құрылысына арналған қаражат бөледі. Бұл қаражатқа Өскемен арматура зауыты маңында 140 орындық балабақша салынып, қала меншігіне тегін берілетін болады.
– Қазақстандағы AES компаниялар тобының басшылығына қала тұрғындарының ризашылығын жеткізгім келеді. Бұл – біздің өзара серіктестігіміздің бастауы деп білемін, – деді қала әкімі Темірбек Қасымжанов.
Қазақстандағы AES компаниялар тобының вице-президенті Альфия Жұмаева бүгінде компанияның әлеуметтік жауапкершілігі аясында түрлі жобалардың қолға алынғанын жеткізді.
– Біздің энергетик ретіндегі басты міндетіміз – тұтынушыларды сапалы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету. Алайда, біз облыстың экономикалық өміріне қатысумен ғана шектелген емеспіз. Компанияның әлеуметтік жобалары да баршылық. Бүгінгі меморандум компанияның осы бағыттағы жұмысының жалғасы, – деді вице-президент.
Қазіргі кезде Өскеменде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағытында 20-дан астам меморандум жүзеге асырылуда. Мәселен, №24 мектеп жанындағы хоккей модулі, жекпе-жек сарайы, жеңіл атлетика кешені пайдалануға берілді. Кәсіпорындардың әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, әлеуметтік жобаларға қаражат бөліп отырғаны қуантады.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10