19 Ақпан, 2015

Көкшетауда жаңа әуежолдар ашылды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SCAT_Boeing_757-200_Simon-200x157_cКӨКШЕТАУ. 19 ақпан. Көкшетау әуежайы республика ішілік жаңа әуежолдарын ашты. Енді қала тұрғындары мен қонақтары «Ақтау-Көкшетау-Ақтау» бағытымен күн сайын ұша алады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жұмасына екі рет «Атырау-Көкшетау-Атырау» бағытымен сапар жасау мүмкіндігі туды. Енді халықаралық әуежай ұшақтары төрт бағытта қатынайтын болады. Жоғарыда аталған рейстерді «SCAT» Әуекомпаниясы» АҚ CRJ-200 ұшақтарымен атқаратын болады. Әуе сапарларының уақыты жолаушылардың Ақтау және Атырау әуежайлары арқылы Сотүстік Кавказ, Ресей, Түркия және басқа елдерге ұшуын жалғастыруға қолайлы. Көкшетау әуежайы 2013 жылы толық қайта құрылып, әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алады және ол І дәрежелі халықаралық талаптарға толық жауап береді. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz.