«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай қаласының әкімдігі және Банк арасында, Қостанай қаласы, Тоқымашылар көшесі, 4 а мекенжайындағы №4 тұрғын үйдің аймағында, барлығы 81 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 41 пәтер, бағасы 1 шаршы метрге 90 000 теңге болатын тұрғын үй кешені құрылысы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғанын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың қазан айы.
Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2015 жылдың 1 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) Банктің: Қостанай қ., әл-Фараби даңғылы, 67 мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысуға болады.