Марапат • 25 Қазан, 2025

Сергей ЧЕРНОБАЙ Қазақстанның Еңбек Ері

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алу – үлкен қуаныш әрі зор мәртебе. Бұл марапатты жеке еңбегімнің емес, бүкіл кеншілер қауымының қажырлы еңбегінің нәтижесі деп санаймын.

Сергей ЧЕРНОБАЙ Қазақстанның Еңбек Ері

Сурет: rus.baq.kz

Шахтадағы әрбір жұмыс күні – жауапкершілік пен батылдықты талап ететін ауыр еңбек. Сол еңбектің мемлекет тарапынан бағаланып, құрмет көрсетілуі – кәсібімізге деген үлкен сенім мен қолдау.

Өмірімді тау-кен ісімен байланыстырғаныма өкінген емеспін. Бұл – әкеміздің салған сара жолы, әулетіміз бірнеше буын бойы осы салада тер төгіп келеді. Сондықтан бұл атақ – менің ғана емес, бүкіл кеншілер әулетінің еңбегіне берілген баға.

Марапат алғандардың арасында алыс ауылдарда тұрып, кен, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, білім мен денсаулық сақтау, өзге де салаларда жұмыс істеп, ел экономикасын өркендетуге үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшылар көп.

Аса мәртебелі марапат жаңа жетістіктерге жігерлендіреді. Алдағы уақытта да ел келешегіне адал еңбек етіп, жас буынға үлгі болуға тырысамыз. Бұл атақ – менің ғана емес, барша кеншілердің ортақ жемісі.

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025