Әлем • 29 Қазан, 2025

Блогер болуға да диплом керек

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда блогерлерге жаңа заң шықты. Енді медицина, заң, қаржы немесе білім тақырыбында видео не жазба жариялау үшін міндетті түрде диплом немесе арнайы сертификат керек.Бұл туралы Қытайдың Киберкеңістік әкімшілігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Блогер болуға да диплом керек

Жаңа ереже 25 қазаннан бастап күшіне енді. Енді Douyin, Bilibili және Weibo сияқты әлеуметтік желілер өз блогерлерінің осы талаптарды орындауын өздері қадағалайды. Егер блогер кеңес берсе немесе талдау жасаса, ол өз сөзіне сүйенген дерек пен зерттеуді көрсетуге тиіс.

Бұл шешім қоғамға дұрыс әрі сенімді ақпарат тарату үшін қабылданған. Қытай билігі жалған ақпараттың алдын алуды және кәсіби тақырыптағы контенттің сапасын жақсартуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20