20 Ақпан, 2015

Мемлекет өміріндегі жауапты өткел

495 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
bolashak 1 Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді қолдайды Қазақстан үшін адами капиталды дамыту және бәсекеге қабілетті интеллектуалды әлеуетті қалыптастыру жолындағы стратегиялық жобалардың бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы. Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында мыңдаған қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алды, армандарына қол жеткізді, кәсіби тұрғыда өсіп-өніп, білімі мен тәжірибесіне сүйене Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне үлес қосты. Бүгінгі күні сол «болашақтықтар» әлемнің әр қиырынан Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында жазылған еліміздің жан-жақты даму бағытына қолдау көрсетіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасын құптайды. Мен – «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Қытай мемлекетінің телекоммуникация саласында білім алып жүрген стипендиатпын. Жақын болашақта екі елдің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуда, сол елдің өзінде білім алып, өмір сүрген біздердің тәжірибеміз әрқайсымызға сай салада сұраныс табады деген сенімдемін. Бүгінде Қытай мемлекетінің жоғары оқу орындарында білім алған, стратегиялық серіктесіміздің тілі мен менталитетін меңгерген мамандар – экономикамыздың көптеген саласында маңызға ие. Қы­­тайлық үздік білімі бар түлектердің тәжірибесі энергетика, сауда-эко­номикалық байланыс, жаңа жоғары технологиялар пайдаланылатын кәсіпорындарда да пайдалы болмақ. Сонымен қатар, мұнай-химия өндірісі, машина жасау және басқа да шикізаттық емес салаларда екіжақты қызығушылық бар, ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялар, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы қарым-қатынас та қарышты дамып келеді. Мұның барлығы еліміздің бейбіт сыртқы саясатының, екіжақты қарым-қатынас теңдігінің және Елбасының жеке беделінің арқасы деп білемін. Саяси бағдары айқын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынып, оны жүзеге асыру жолында қажырлы еңбек етіп келе жатқан Елбасына елдің сенімі қашанда жоғары. Сондықтан да еліміздің болашағы үшін жауапты сәт – кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын құптаймын. ERA_8966 Тілектес АДАМБЕКОВ, халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері, Tongji University, ҚХР. Болашақтықтар әлемдік еңбек нарығында бәсеке тудыра алатындай білім алды. Бүгінде ел артқан үмітті ақтар уақыт келді, алған білім мен жинаған тәжірибені пайдаланып, Қазақстанның әл-ауқатын көтеру туын қолға алу ел халқының парызы деп білемін. Біз, «Болашақ» бағдарла­ма­­сының түлектері, бүгінгі әлемде қалыптасқан күрделі эко­номикалық жағдай мен геосаяси үдерістерді ескере отырып, Қа­зақстан халқы Ассамблеясы Кеңе­сінің ұсынысын қолдаймыз. Аталған қиын-қыстау кезеңде ел тағдырын жоғары тәуекелге бой алдырмай, кезектен тыс президенттік сайлауды биыл өткізу бастамасын ұтымды деп есептейміз. Бұл шара қоғамда бірлік пен ынтымақтың артуына өз септігін тигізері сөзсіз. Елбасы ұсынған «Нұрлы Жол» бағдарламасы мем­ле­ке­тімізді бұл дүрбелең кезеңнен қиын­дық­сыз алып шығаты­ны анық. Бағ­дарламаны ор­ындау­ға «Болашақ» түлектері де 100% ­дайын. Мүтәлі ӘБУТӘЛІП, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Pennsylvania State University, АҚШ, «Инвесторлар Альянсы» ҚБ директоры. Елбасының бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағ­дар­ламасы қазақ жастарының шет­елдердегі озық оқу орындары­нан білім алып, жан-жақты жеті­луіне мүмкіндік берді. Қазақстан жас­тарының дамыған елдердің азаматтарымен теңесіп, білімді де білікті болуы – Қазақ елінің ғылыми-тех­никасы дамыған, бай да қуат­ты елдердің қатарына қосылу жо­лындағы алғашқы қадамы. «Бо­лашақ» бағдарламасының тү­лектері бүгінгі күнде еліміздің дамуында стратегиялық маңыз алатын түрлі секторларда еңбек етуде, ел дамуына өз үлестерін қосуда. «Болашақ» бағдарламасы­ның 20 жылдан астам уақыт табысты жүргізілуі еліміздің саяси жағдайының тұрақтылығы­ның және экономикасының қарыштап дамуының арқасы. Жақында көтерілген пре­зи­денттік сайлауды кезектен тыс өткізу бастамасы қазір орын алып отырған халқаралық геосая­си жағдайға және кейбір елдерде белең берген экономикалық тоқырауға байланысты екендігі белгілі. Еліміздің саяси және экономикалық орнықтылығы үшін, қазір қолға алынып отырған мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жалғасуы үшін «Болашақ» бағдарламасының түлегі ретінде, мен президенттік сайлаудың мер­зімінен бұрын өтуін қолдаймын. Айқын АСҚАПҰЛЫ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Pennsylvania State University, АҚШ, «Назарбаев Университет» ДББҰ-ның ғылыми қызметкері. Сыртқы факторлардың әсерінен қиындықтар фазасына аяқ басып жатсақ та, бюджетті миллиардтаған теңгеге оңтайландыру шараларын қабылдауға тура келсе де, Президентіміз жастарға, олардың білім алу құндылығына деген қамқорлығын төмендеткен жоқ. Жақында ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген жиынында Мемлекет басшысы қандай қиындық болса да білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту ісін жүргізе беретіндігімізді шегелеп көрсетті. «Бұл – адам капиталына салынған ұзақ мерзімді инвес­тиция және ол болашақтағы экономикалық дамуға негіз болады», деді Президент. Расында да, 90-жылдардың қалыптасу кезеңінде-ақ басталған болашақ перспективалар үшін білікті, сапалы кадрларды шетелдердің озық білім ордаларында дайындау стратегиясы үзіліссіз, үздіксіз қазіргі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Өткен жылдың соңында мен де «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атандым. «Болашақ» бағдарламасы көптеген жастардың өмірлік даңғыл жолын айқындап берді. Жас буынның азамат ретінде, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етті. Ертеңге үміттерін оятты. Мен үшін де осы халықаралық «Болашақ» стипендиясы аясында білім алу – үлкен мәртебе. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мерзімінен бұрын пре­зиденттік сайлау өткізу туралы көтерген бастамасы партия­лар, қоғамдық бірлестіктер, қауым­дастықтар мен беделді тұл­ғалар тарапынан қолдау тауып жатыр. Тарих өзі бағасын беретін қазіргі­дей бейбіт күннің қадірін, тәуелсіздік­­пен бірге елімізді лайықты басқар­ып, тыныштық пен берекеге ұйыт­қы ­болып келе жатқан Мемлекет басшы­сы Нұр­­­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев­тың бас­тамаларына қолдау білдіру­ге әзірмін. Рахат ЖАҚСЫБАЙ, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, «Хабар» агенттігі АҚ бағдарламалар өндірісі дирекциясы арнайы жобалар қызметінің жетекшісі.