Есірткі • 01 Қараша, 2025

Жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 10 345 түп сора анықталды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 10 345 түп сора анықталды

Есірткі өсіру фактілерін анықтап, жасырын егістіктер мен плантацияларды жоюға бағытталған іс-шара аясында 47 адам құрықталып, оның 24-і қамаққа алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаевтың айтуынша әскери тікұшақпен 26 мәрте әуеден шолу жүргізіліп, есірткі өсірудің 20 дерегі анықталған. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты 31 дерек тіркелді.

«Жалпы 10 345 түп сора өсімдігі анықталып, қыркүйек, қазан айларына дейін пісіп-жетілгенінде әр түптен шамамен 500 грамнан есептегенде 5 тоннаға жуық марихуананың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Осылайша мыңдаған азаматтардың денсаулығы мен отбасылардың тағдыры қорғалды. Іс-шара аяқталғанымен бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады», дейді департамент бастығының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50