Жақында ғана жарық көрген фотоальбом “Нұрсұлтан Назарбаев. Фотосуреттер” деп аталады. Мұнда халқының қадірлі азаматы, тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалап, бүгінгі кемел шағына жеткізген Елбасы – Тұңғыш Президентіміздің жұмылып жұдырық, бірігіп білек болған, береке-бірлікке ұйып, туыстықты ту етіп көтеріп, ағайындықты бауырластыққа ұластырған ұлт пен ұлыс өкілдерімен әр кездегі жүздесулері бейнеленіпті.
Фотосуреттерге көз жіберіп отырғанда, бүкіл Қазақ елінің даласы мен қаласы, жылдың төрт мезгіліндегі Табиғат-Ананың сан түрлі көріністері, Президент қатысқан рухани әлемдегі тарихи оқиғалар, елімізге келген шетелдік мәртебелі меймандармен емін-еркін дидарласулар, жылы шырайлы жүздесулер, ағынан жарылған үлкен-кішінің Нұрсұлтан Әбішұлымен бір дастарқан басында басқосуы, бүкіл елдігіміздің 20 жылға таяу уақыт ішіндегі бел-белесі бір кітаптың өн бойынан орын алыпты. Ұлт Көшбасшысының табиғи болмысы, күш-жігері, қарым-қабілеті әр суреттен айқын аңғарылады.
Фотоальбомның бір ерекшелігі әр беттегі суреттердің ортақ ойын білдіретін бір сөйлем жазу арқылы көп мағына бере алған. Мысалы, Елбасының Ұлы Отан соғысының қаһармандарымен кездесуінде “Ерлік рухы өшпейді” десе, ардақты қауыммен, ақсақалды аталармен жүздесу сәтіне “Сәлем – сөздің анасы” делініпті. Бір сөзбен айтқанда, фотосуреттерден алар тағылым да, үйренер үлгі де, дерек те жетіп артылады.
Сүлеймен МӘМЕТ.

Жас жыршылар «Қырымның қырық батырын» жырлады
Мирас • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:00
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Спорт • Бүгін, 01:41
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше