20 Ақпан, 2015

Отанымыз орынды ілгерілесін десек...

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасына орай, өз мәлімдемесін жасады. Кездесуге «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Данат Жумин мен медиа директор Қанат Әуесбай қатысты. Бүгінде ғаламдық қаржылық-экономикалық дағдарыс барлық мемлекеттерге өз талаптарын қойып, дегендерін жасатып жатыр. Әлемде дінаралық және ұлт­аралық төзімсіздік өршіп, қарулы қақтығыстар ушыға түсуде. Сырт­қы факторлар әлемдік саяси сахна­да орын алған жағдайлардан абы­роймен шығу үшін алдын алу қадам­дарын жасауға бастап отыр. Ал біздің мемлекетіміздің ол үшін барлық жағдайы мен мүмкін­діктері бар, деді Қ.Әуесбай өз сөзінде. Оның пікірінше, Қазақ­стан әлемдік қоғамдастық тарапы­нан әлдеқашан әлеуметтік-эконо­микалық жаңғырулардың көш­басшысы ретінде танылып отыр екен. Сондай-ақ, ол әлемде толе­рант­тылық пен бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі туралы жиі айтылатынын да тілге тиек етті. Біз кезектен тыс сайлаудың сыртқы қауіп-қатерлерге берілген нақты жауап екенін қуаттаймыз. Сондай-ақ, дағдарыстың алдын алуды көздейтін, еліміздің әлем­нің дамыған 30 елінің қата­рына енуін қамтамасыз ететін «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының әрі қарай жүзеге асырылуын қол­даймыз. Бұл – Елбасы, Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың саяси бағдары. Президент­тік сайлау Қазақ­стан­ның дамуына және азамат­тардың әл-ауқатын арт­тыруға оң ықпал ететініне сенім­діміз, деді сөзінің соңында қозға­лыстың медиа ­директоры. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.