ҚОСТАНАЙ. 23 маусым. Қостанайға Қытай Халық Республикасының белгілі инвестициялық Zhongfu Investment Group Limited Company компаниясының және Алматыдағы «Kaz Grain Food Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері келді. Олар облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовпен кездесті. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарына сүйене отырып, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кездесуде қытайлық Zhongfu Investment Group Limited Company компаниясының басқарма төрағасы Ли Чифэнг, Jiaxin International Resources Investment Limited (Hong Kong)Лю Личиан, «Kaz Grain Food Almaty» ЖШС директорлар кеңеснің төрағасы Бауыржан Баймұхамедов және Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк, ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын Мурзин, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының асшысы Ерлан Спанов болды.
Тараптар ынтымақтасудың, ауыл шаруашылығына қытай инвесторлары қаржысын салудың және майлы зығыр өсіретін және оны терең өңдейтін жоғары деңгейде біріктірілген компания құрудың екі жаққа да тиімділігін талқылады. Алдын ала шамаланған инвестиция көлемі 500 миллион доллар болады.
Нұралы Сәдуақасов Қостанай облысы соңғы жылдары өз өндірісінің күшімен өсімдік майының тапшылығын жеңді, оның 30 пайызы экспорттаатынын айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта да майлы дақылдар алқабын кеңейтіп, оның өнімін өңдеуге облыс әлеуеті жетеді. Биыл майлы дақылдар алқабы 360 мың гектарды құрады, бұл барлық себілген дәнді дақылдардың 80 пайызын құрайды.
Ли Чифэнг: «Біз ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатуы мақсат тұтып отырмыз. Қытайдағы май өндірісі – 80 пайыз импорт ресурстан тұрады. Үкіметтің күш салуына қарамастан елде 20 пайыз азық-түліктік өсімдік майы жетьіспейді. Біз Қостанай облысы бұл бағытта инвестиция салуға қолайлы өңір деп білеміз», деді.
Қонақтар Қытай үкіметінің қаулы шығарып, қорға Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтасуға рұқсат берген, сөйтіп Қазақстанда ауылшаруашылығын дамытуға 1,6 миллиард доллар көлемінде қаржы бөліпті.
Zhongfu Investment Group Limited Company қорының ұсынысымен Қостанай облысында зығыр өсіретін, өңдейтін және тұқым дайындаумен айналысатын кәсіпорындар құрылатын болады. Жұмыс орындарына жергілікті кадрлар алынатын болады. Кездесуде Қостанай облысы әкімиаты мен Zhongfu Investment Group Limited Company қоры арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов: «Біз ынтымақтасып жұмыс істеуге дайынбыз. Біздің облыста біздің мамандармен жұмыс істейтін жұмыс тобын құру керек деп ойлаймын. Жыл сайын қанша инвестиция салынды, өндіріс көлемі қандай болуы керектігін анықтайтын арнайы бағдарлама жасалуы тиіс» деді.
Нәзира Жәрімбеова.
Дерек, сурет: egemen.kz

8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 23:00
Төлем нарығындағы өсім: 1 млрд-тан астам транзакция өңделді
Банк • Бүгін, 22:30
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Бүгін, 22:05
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05