Құм сағаттай сусыған уақыттың ізі біткен істермен қалады. Осы орайда өткен 2014 жыл Қостанай өңіріне біраз бедерін салды. Жылдағы дәстүрмен облыс жұртшылығы өкілдері алдында өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылар туралы есеп берген облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов жақсы мысалдар мен мәліметтерге сүйенді. Өткен жыл еліміз үшін үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мен әлемді бір тарының қауызына тыққандай қаржы дағдарысының қайталап соққан толқынының арасындағы жол айырық секілді болды. Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында Қостанай облысында да ірі жобалар жүзеге асты. Оған өткен жылдың да үлесі мол. Соның арқасында өнеркәсіпте нақты көлем индексі – 100,2, ауыл шаруашылығында – 100,8, құрылыста – 104,2, саудада 108 пайызды құрады. Ал дағдарыс салдарынан соңғы үш жыл бойы кен өндіру саласының өнімдері – темір кені мен өңделмеген алтын үшін әлемдік нарықтың қолайсыз конъюнктура қалыптасты. Бұл көрініс 2014 жылы да жалғасты. Соның салдарынан облыста өндіріс көлемі 6,9 пайызға төмендеді. Соған қарамастан, өнеркәсіптегі нақты көлем индексі 100 пайызға жетіп жығылды. Оның есесіне ұқсату, өңдеу секторы тың серпін алды. Мысалы, 2011 жылы ұқсату өнеркәсібінің үлесі 29 пайызды құраған екен, ал өткен жылдың қорытындысы бойынша ол 46,9 пайыз болып, кен өндірісінен 1,5 пайыз асып түсті. Қостанай өңірінде алғаш рет ұқсату кәсіпорындары дайындаған дайын өнім өндірісі шикізат өндірісінен асып түсті. Бұл Қостанай облысы үшін тарихи маңызы бар мәлімет болатын. Сонымен, жалпы ұқсату өнеркәсібіндегі өндіріс өсімі бір жылда 9,1 пайыз болды. Бұл республика бойынша екінші орын.
Жыл ішінде өндіріс саласындағы өсім жөнінен металлургия өнеркәсібі ту ұстады. Қостанайдың аты темір кенінің алыбымен шықса да, металлургия саласы өңір үшін жас сала болып табылады. Мұнда жыл тәулігінде 36 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Әрине, мұндай көрсеткіш 2013 жылдың желтоқсанында тапсырылған, әлі толық қуатына жете қоймаған «ЕврасКаспианСталь» зауытының арқасында мүмкін болғанын айтуымыз қажет. Бұл нағыз заманауи өндіріс орны. Өткен жылы 8,9 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Олар өндірген белтемірсіз заманауи құрылыс жұмыстары жүрмейді. Олар өнімімен елімізді толық қамтамасыз етіп, қалғанын сыртқа шығарып отыр. Үстіміздегі жылы зауыт 365 мың тонна белтемір шығармақ, толық қуатына жеткенде ол жылына 450 мың тонна болады.
Қалай дегенмен де, Қостанай өңірінің флагманы – кен өндірісі. Үстіміздегі жылы оны игеру жалғаса түседі. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы пайдалы қазбалар саласында жалпы сомасы 203 миллиард теңге тұратын 44 ірі инвестициялық жобаны жасау үстінде. 2015 жылы Таран ауданындағы Елтай-4 кенішінде темір кенін, Денисов ауданындағы Комаров кенішінен мәрмәр тас өндіру басталады. Барлығы жеті кеніште түсті металл, қоңыр көмір, полиметалды кен, басқа да маңызды қазбалар барланатын, өндірілетін болады.
Машина жасау саласының өнімі де артып келеді. Алдыңғы жылға қарағанда былтыр сапқа қойылған автомобиль 20 пайызға артық болды, яғни 8,5 мыңнан астам темір тұлпар шығарылды.
Биылдан бастап, Қостанай мен Жітіқара қалаларында екі индустриялық аймақ құру жұмысы жүргізіле бастады. Олар заманауи өндірістерді дамытуға байланысты бірқатар міндеттерді шешуге, өңірлік ішкі өнімді ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Иә, жұмыс орындарын сақтап қалу есепті жылдың да, алдағы уақыттың да маңызды міндеті болады. Ол өндіріс орындарын ұлғайтқанда ғана мүмкін болады. Алғашқы бесжылдықта Индустрияландыру картасына енген 77 нысан өмірге жолдама алған болатын. Оның ішінде 8-і өткен жылдың еншісіндегі жұмыстар болатын. Оларда 455 жұмыс орны ашылды. Жалпы, Индустрияландыру картасы шеңберінде ашылған кәсіпорындар өткен жылы ғана 79 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Осы бағдарламадан өрген 69 кәсіпорынның 55-і 2014 жылы толық қуатына енді.
Елбасы экономиканың іргетасы деп бағалаған ауыл шаруашылығы саласы Қостанай өңірін еліміздегі астық державасына айналдырды. Өткен жылы 4 миллион 14 мың гектар жердің өнімі жиналды. Егін шаруашылығында әртараптандыру жұмысы өткен жылы да жалғастырылды. Бидайдың 300 мың гектары қысқартылып, майлы дақылдар 129 мың гектарға көбейтілді. Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда 2 еседен артық көп.
Ауыл шаруашылығы Үкіметтің қолдауына ие болып отыр. Өткен жылы көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терінге 5 миллиардтан астам теңге бөлінді. Олардың 91 пайызы игерілді. «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде де мемлекеттік көмек өсе түсіп, 15,7 миллиард теңге субсидиялар берілді. Облыста мал шаруашылығының дамуы қарқын алған. Қазір өңірдегі 904 шаруашылықта 164 мың ірі қара малы бар. Бұл жалпы мал басының 40 пайызы. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын облыста малдың басым бөлігі, 80 пайызға жуығы жеке секторға тиесілі болатын. Мал шаруашылығын дамытудың арқасында ет өндірісі де ұлғайды. Жыл тәулігінде ет өндіру – 24, сүт 21 пайызға арттырылды, сонымен қатар, жұмыртқа 29 пайызға көп өндірілді. Жалпы, ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 233 миллиард теңгені құрады, соның 71 миллиард теңгесі мал шаруашылығына тиесілі. 2009-2014 жылдар арасындағы индустрияландырудың бірінші бесжылдығында облыстағы агроөнеркәсіп кешенінде 13 тауарлы сүт фермасы, асыл-тұқымды 15 репродуктор шаруашылығы, 27 бордақылау алаңы және 6 құс фабрикасы пайдалануға берілді. Жыл сайын өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуеті артып келеді. Астық пен ұнды былай қойғанда, өткен жылы сыртқа 557 тонна ет пен ет өнімдері, 8,8 мың тонна сүт, 656 тонна өсімдік майы артылыпты. Мұның барлығы да алдыңғы жылға қарағанда 2-3 есе көп. Облыста қандай салада да дамудың мемлекеттік бағдарламалары жақсы жұмыс істеді. Мысалы «Бизнестің жол картасы» шеңберінде экономиканың шикізат емес секторларында кәсіпкерлікті дамыту мен жұмыс орнын сақтап қалуға көп күш жұмылдырылды. Соның арқасында 10 мыңнан аса жұмыс орны сақталды, 2 мыңнан аса жұмыс орны ашылды.
Ал әлеуметтік сала да артта қалған жоқ. Денсаулық, адам өмірі – табысты болашақ негізі. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің қарқыны үш жыл ішінде нәрестелердің шетінеуі 24 пайызға, онкологиялық аурулардың өлімі 25,5 пайызға, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының өлімі 36,8 пайызға, туберкулездің өлім-жітімі 47,5 пайызға төмендеуінен көрінді. Саламатты өмір салтын дамыту бағдарламасы шеңберінде ауылды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету жөнінде табысты жұмыстар жүргізілді. Бұл ретте осы саланы қаржыландыру 32,9 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.
Облыста бүгінде мектептердің 45 пайызы күрделі жөндеуден өткізілді. Мектепке дейінгі мекемелер тапшылығын жою мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Өткен жылы 17 балабақша пайдалануға берілді. Облыс өңірінде 174 шақырым жол қайта жаңғыртылған және жөнделген.
Дегенмен, облыста әлеуметтік мәселелер бойынша атқарылатын шаруалар да аз емес. Елді мекендерді ауызсумен, газбен қамтамасыз ету, ауыл адамдарын жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығындағы түрлі деңгейдегі мамандар тапшылығы әкімге залдан берген сұрақтардан-ақ көрініс тауып отырды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Еемен Қазақстан».
Қостанай облысы.

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05