Шымкент аграрлық колледжінің директоры Кенжехан Төлебаевтың бастамасымен «Кітапханаға кітап сыйлайық» деген акция ұйымдастырылған, ол дұрысы жалғасып жатыр. Уақытында Мақтааралдай ірі ауданның әкімі, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Кенжехан Атаханұлы «кітаптың – білім бұлағы» екендігін жақсы біледі.
Акцияға колледж ұжымынан бөлек көп азаматтар атсалысуда. Оңтүстікте Алтынсары Үмбетәлиев деген айтулы азамат бар. Экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Үмбетәлиев бүгінде облыстық кіріс департаментінің басшысы. Колледж ұжымымен арнайы кездесуге келген Алтынсары Дүйсенбекұлы бүгінгі күнгі экономикалық саясат, Елбасының тұтқа болуымен мемлекетімізде атқарылып жатқан іргелі істер, Қазақстанның келешегі туралы ойларымен бөлісті.
Студенттердің қойған сауалдарына жауап берді. Кітапханаға, ұжымға керек «Салық және салық салу», «Аграрлық сектордың экономикасы», «Баға белгілеу», «Налогообложение в сельском хозяйстве: теория, практика, развитие» және «Халықаралық экономика», «Банк ісі» сияқты құнды кітаптарды сыйлады.
Колледж директоры білікті азаматқа уақытына қарай студенттерге дәріс оқып тұруға шақырды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.