Саясат • 21 Қараша, 2025

Украина Донбасс аймағынан бас тартуы мүмкін

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі жаңа жоспар жобасын даярлаған болатын. Сол жоспар Украина башысы Владимир Зеленскийдің қолына жетті. Енді ол Ақ үй басшысымен келіссөз өткізуге ниетті. Бұл туралы Украина президентінің әкімшілігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Украина Донбасс аймағынан бас тартуы мүмкін

Вашиңтон Зеленскийге АҚШ әзірлеген жаңа рамалық бағдарламаны «намысты қоя тұрып» қабылдау қажеттігін аңғартқан. Жоспарда Украина тарапы белгілі бір аумағын босату мен қарулы күштерді шектеу керектігі жазылған.

«Біз қазір де, бәз-баяғыдай, АҚШ, Еуропа һәм әлемдегі күллі серіктестерімізбен бейбітшілікке жеткеретін конструктивті жұмыс істеуге дайынбыз», делінген Зеленский офисінің Telegram парақшасындағы хабарламада.

Ал еуропалық мемлекеттер бейсенбі күні АҚШ жоспарына қарсы шықты. Reuters дереккөздерінің мәліметінше, Украина одақтастары бұл шарттарды «жеңілумен пара-пар» деп бағалап отыр.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-тың Украинаға арналған бейбітшілік жоспарының мазмұнын жариялаған еді. Онда Украина армиясының санын қысқарту және Киевтің Донбасс аймағынан бас тартуы көзделген.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10