20 Ақпан, 2015

Қалтадағы апиын

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан-Ресей шекарасында есірткілік затты жасырын өткізбек болған азаматша ұсталды. Еліміздің батысындағы Ақ­төбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 20 миллилитрлік сұйық апиынды жасырып өткізуге тырысқан 37 жастағы әйелді ұстады. «Ақтөбе-Орск» бағытында келе жатқан автобусты шекаралық бақылаудан өткізген шекара наряды бір әйелдің қол жүгінің ішіне салынған джинси шалбарының қалтасынан 2 флакон «Тропикамид» дәрісін тапты. Әрбір флаконның салмағы 10 миллилитрден екен. Ал оның ішіндегісі сұйық апиын болып шықты, дейді ҰҚК ШҚ бас­пасөз қызметі. Аталған дерек бойынша ішкі істер органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. сурет : http://bnews.kz