Қоғам • 24 Қараша, 2025

Бұдан былай шығармашылық өкілдерінің туындылары бірыңғай цифрлық платформада жинақталады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» ҰКП жанындағы Мәдениет және креативтік индустриялар жөніндегі кішікомитеттің алаңында зияткерлік меншікке қатысты қабылданған түзетулердің негізгі тетіктері жария етілді. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Әділет министрлігінің өкілдері және Кәсіпкерлер палатасы қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Бұдан былай шығармашылық өкілдерінің туындылары бірыңғай цифрлық платформада жинақталады

Фото: gov.kz

Басты жаңалық – ұжымдық құқықтарды басқаруға арналған Бірыңғай цифрлық платформа. Жаңа жүйе авторлық шығармалардың пайдаланылуын, келісімшарттар мен сыйақы төлемдерін бір орталыққа жинақтап, ашық әрі қолайлы тетік қалыптастырмақ.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың айтуынша, бұл қадам шығармашылық иелеріне тиесілі сыйақының әділ жиналуына және уақтылы бөлінуіне жол ашады.

Кездесуге креативтік индустрия, өңірлік палаталар, театрлар, филармониялар, авторлар мен кәсіпкерлерден құралған 200-ден астам қатысушы келіп, жаңа платформаның жұмыс механизмін талқылады. Қатысушылар цифрландырудың енгізілуі саладағы ашықтықты күшейтіп, шығармашылық ортаға сенімділік пен тиімділік қоса түсетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30