ПЕТРОПАВЛ. 20 ақпан. Солтүстік Қазақстандағы «Шымкент-Екатеринбург» тас жолы бойында қиын жағдайда қалған қалааралық автобустың 40 жолаушысына көмек дер кезінде келіп жетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Түн ортасында Тайынша ауданындағы Келлеровка күре жолы бойында орналасқан медициналық-құтқару бекетіне телефон соғылып, «Астана-Петропавл» тасжолында автобустың сынып қалғаны жөнінде хабар түскен. Олардың айтуынша, қатты аяз салдарынана көлік апаттық жағдайға ұшыраған көрінеді. Оқиға болған жерге жедел әрекет ету бригадасы жылдам келіп, құтқару жұмыстарымен айналысқан. Жолаушылар жақын маңдағы дәмханаға жеткізіліп, жылы орынмен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Автобус қалпына келтірілгеннен кейін жолаушылар жолға аттанып кеткен.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
Сурет: liveinternet.ru.

Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше