20 Ақпан, 2015

Алжирдің президенті Путинге хат жолдады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-02-15-aljir-1

АСТАНА. 20 ақпан. Алжирдің президенті Абдельазиз Бутефлика Ресей президенті Владимир Путинге хат жолдады. Бұл туралы Алжир президентінің арнайы өкілі Юсеф Юсфи Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен кезінде айтты. ТАСС тілшісінің хабарлауынша, араб мемлекетінің елшісі осы хатты жеткізу үшін Мәскеуге арнайы келген. «Мені Алжир президенті Абдельазиз Бутефлика өзі жазған хатты Ресей президенті Владимир Путинге тапсыруым үшін Мәскеуге жіберді. Біздің елдеріміз саяси және экономикалық қарым-қатынас тұрғысында жоғары деңгейде, ол одан әрі дамып келеді, мен бір жағы осыны ауызша жеткізу үшін де келдім», - деді алжирлік елші. Сонымен бірге, Юсфи: «Алжир президенті сіздердің елдеріңізбен көптеген сұрақтар ауқымында, соның ішінде әлемнің көмірсутек рыногындағы жағдай турасында кеңесуді қажет деп тауып отыр», - деп атап өтті. Лавров өз кезегінде екі жақтың аймақтық және халықаралық ауқымда күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша жасалып келе жатқан ынтымақтастығы қанағаттанарлық екеніне тоқталды. «Екі жақты қарым-қатынас өте жоғары деңгейде тұр. Біз сіздің келуіңіз арқылы бұл мүмкіндікті жақын келешекте бұл мәселелерді екі жақты тұрғыда және халықаралық деңгейде қалай шешетінімізді талқылай алатынымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті Ресей министрі. Мұрат Айтқожа.