20 Ақпан, 2015

Таразда апаттың зардаптары жойылып жатыр

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

20-02-15-CHS-Taraz-1

АСТАНА. 20 ақпан. Таразда күкірт қышқыл тиелген вагондар темір жолдан шығып кетуіне байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған Kapital.kz хабарлады. «Бүгін Тараз қаласының Шайқұрық және Бурыл стансалары аралағындағы өндірістік аймақ территориясындағы темір жол бөлігінде күкірт қышқылы құйылған 7 теміржол жүгі цистернасының рельстен шығып кетіп, олардың 3-і бір жағына қарай аударылып қалуына байланысты қала әкімі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. Осының салдарынан цистерналардың бірінен аздаған мөлшерде күкірт қышқылының төгілу фактісі орын алды», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Сәуле Мұңатаева жұма күні. Ол сондай-ақ пойыздың Ресей Федерациясынан шығып, Жамбыл облысының аумағындағы «Қазфосфат» ЖШС минеральды тыңайытқыштар зауытына келе жатқанын атап өтті. «Пойыздың составы 44 вагоннан тұрған, олардың 15-нде күкірт қышқылы болған», -деп хабарлайды ҚазТАГ. Қазіргі таңда күкірт қышқылы төгіліп, бүлінген жердің залалын кетіру үшін оған әк төселіп қойылды. Жамбыл темір жолы бөлімшесінің 2 апат-қалпына келтіру пойызының күшімен күкірт қышқылы төгілген цистерна сағат 14:15-ке дейін орнынан алынып, Зауыт стансасына комиссияның тексеруіне жіберілді. «Апаттың зардаптарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Осы зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайтын штаб құрылды», - деп хабардар етті С.Мұңатаева. Оқиға болған жерде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы, жедел-құтқару жасағы, «өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметі», сондай-ақ облыстық және қалалық әкімдіктер өкілдері, облыстық ішкі істер департаменті, қауіпсіздік комитеті департаменті, тұтынушылар құқығын қорғау, облыстық экология басқармасы, «Қазфосфат» ЖШС секілді тиісті ұйымдардың өкілдері жұмыс жасап жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құрыш Нұрымбет.
Соңғы жаңалықтар