Оқиға • 27 Қараша, 2025

2,5 мыңнан астам вагон станцияларда кептеліп тұр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ел аумағындағы станцияларда қаңтарылып тұрған вагон санының артқанын хабарлады. ҚТЖ мәліметінше, 2,5 мыңнан астам вагон 10 күн бойы теміржолда тұрып қалған, деп жазады Egemen.kz.

2,5 мыңнан астам вагон станцияларда кептеліп тұр

Фото: rail-news.kz

Оның ішінде 500-ге жуық вагондарға жүк тиелген. Қалғаны бос вагондар.

Қозғалмай тұрған вагондар станциялардың өткізу қабілетін шектеп, құрамдарды қабылдау мен жөнелту ісін қиындатып отыр. 

Осыған байланысты ұлттық компания вагондардың станцияларда тұрып қалуы ҚТЖ қызметіне немесе инфрақұрылымына байланысты емес екенін мәлімдеді. 

«Тасымалдау процесін тұрақтандыру үшін ҚТЖ жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларды станциялық жолдарды босату және вагондарды тиеу мен уақтылы түсіру, дайындауды қамтамасыз ету жөнінде жедел шаралар қабылдауға шақырады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35