Қоғам • 27 Қараша, 2025

Еліміздің туристік аймақтарына спутниктік интернет жеткізіледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді елдің туристік аймақтарында жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді бола бастайды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, мұндай мүмкіндік спутниктік сервистерді, соның ішінде Starlink жүйесін қолдану арқылы іске асады. Бұл ақпаратты ол депутаттық сауалға берген жауабында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің туристік аймақтарына спутниктік интернет жеткізіледі

Starlink елімізде ресми түрде 13 тамыз күні жұмысын бастаған. Ал 20 тамызда үкімет өңірлермен жиналыс өткізіп, шалғай аймақтарға интернет жеткізудің ең жылдам жолы осы технология екенін атап өткен.

Олжас Бектенов туристік нысандар тұрақты байланыспен қамтылатынын айтты. Сонымен бірге спутниктік интернет нарығы кеңейе береді. Оның сөзінше, алдағы кезеңде осы нарыққа басқа да ірі компаниялар қосылмақ. Олардың қатарында Amazon Kuiper және Shanghai Spacecom Satellite Technology ұйымы бар.