Ғалам ғажаптары • 28 Қараша, 2025

Бұғылар көші

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Камчаткадағы тас жолдардың бірінде мыңдаған солтүстік бұғыларының үдере көшіп бара жатқаны көзге түсті.

Бұғылар көші

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жергілікті тұрғындар түсіріп алған кадрларда ұзыннан созылған табынның еш кедергісіз трассаны кесіп өтіп, ақ қарға жол салып, жайбарақат жылжып бара жатқаны көрінеді. Бұл – олардың жыл сайынғы табиғи көш жолы. Қыста бұғылар жайылым іздеп, климаты жұмсақтау тау бөктерлеріне кетеді. Ал көктем шыққанда қайтадан қалыпты мекеніне оралады. Жануарлар ғасырлар бойы қалыптасқан дағдылы бағытпен жүреді. Сол кезде қара жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35